Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шаһарда жаяу жүргіншілер жолы салынуда

0 187

Бүгінде Тараз қаласының аумағы кеңейіп, көлік қозғалысы көбеюде. Соған байланысты жаяу жүргіншілер жолын салуға деген қажеттілік те артып келеді. Бұл бағытта шаһар аумағында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Айталық, қазіргі таңда Жүргенов және Братская көшелерінде жол құрылысы қолға алынып, ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынды. Одан бөлек, ұзындығы бір шақырымды құрайтын Иманалиев көшесінің жаяу жүргіншілер жолының құрылысы да аяқталып, ел игілігіне берілді. Сонымен қатар, Момышұлы, Шостакович және Сейфуллин көшелерінің Санырақ батыр көшесінен Айша бибі көшесіне дейінгі аралықтағы №7 және №9 ықшамаудандарындағы жаяу жүргіншілер жолдарын орташа жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Сонымен қатар, ұзындығы 0,416 шақырымды құрайтын Желтоқсан көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының жөндеу жұмыстары жанданған.
Міне, осылайша жол құрылысына жергілікті билік айрықша көңіл бөлуде. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жүйелі жалғасын табады.

Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.