Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шаһарда жаяу жүргінші жолдары жөндеуден өтуде

0 285

Бүгінде көне шаһар Тараздың көкжиегі кеңейіп, аумағы ұлғайып келеді. Соған орай, көлік қозғалысы да көбеюде. Әрине, бұл өз кезегінде тақтайдай тегіс жолдарға деген қажеттілікті арттырады. Осы мақсатта облыс орталығындағы жолдарды жөндеуге ерекше көңіл бөлінуде. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолын салу да назардан тыс қалған емес. Әсіресе мектеп, аурухана секілді әлеуметтік нысандарға баратын жолдар айрықша назарда. Қалада қазіргі таңда жаяу жүргіншілер жолының (тротуар) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Соның бірі – Малобесагашская көшесінің бойы. Мердігер мекеме – «ЯСА» ЖШС, техникалық қадағалаушысы – «РДК-01» ЖШС.
Сонымен қатар Абай даңғылының бойындағы №2 полиция бөлімінен бастап «ҚазМұнайГаз» жанармай бекетіне дейінгі аралық жаяу жүргіншілер жолы да (тротуар) жөндеуден өтуде. Аталған нысанның мердігері – «KAZ ELIT STROY» ЖШС. Техникалық қадағалаушы – «Инженер-Строй» ЖШС.
Айталық, өткен жылы шаһарда жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын 11 жоба бойынша жаяу жүргіншілер жолы салынды. Оның ішінде ұзындығы 8,7 шақырымды құрайтын 9 жоба бойынша орташа жөндеу және ұзындығы 4,7 шақырымды құрайтын 2 жоба бойынша қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Осылайша Жүргенов, Братская, Иманалиев, Желтоқсан (Төле би даңғылынан Сүлейменов көшесіне дейін), Сәтбаев, Қосанов, Сәрсенбаев, Саңырақ батыр, Шостакович, Жамбыл – Төле би көшелерінің қиылысы, №45 мектеп және №45 балабақша маңы, №7 және 9 ықшамаудандардағы мектеп пен балабақшаларға баратын және Б.Момышұлы көшесі, 4-бұрылысының тұрғындары жаяу жүргіншілер жолының игілігін сезінуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.