Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шаһарға қараша айында Pfizer екпесі жеткізіледі

0 187

  Әлемді алаңдатқан коронавирус пандемиясы ешбір өңірге оңайға соқпағаны белгілі. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Тараз қаласы бойынша COVID-19 індетінің 12 055дерегі, пневмонияның 2241жағдайы тіркелген. Айталық, тамыз айында тәулігіне 15-180 адам ауырса, қыркүйек айында 70-80 адам арасында тіркелген. Ал қазіргі таңда қазан айында тәулігіне 15-20 адамнан осы жұқпалы дерт анықталуда. Оның ішінде, 28 қазан күні КВИ-дың 15, пневмонияның1 дерегі орын алды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Тиісінше сауығып шыққан жандардың қарасы артып, бүгінде олардың саны 12 834 азаматты құрап отыр. Ал инфекциялық стационарларда 162 науқас ем қабылдауда.

Індетті ауыздықтаудың бірден-бір жолы – екпе екені даусыз. Қазіргі таңда шаһарда 14 егу пункттері жұмыс атқаруда. Соның нәтижесінде екпе алғандар саны 196 988 адамға, яғни 76,5 пайызға жеткен. Осы орайда ерекше атап өтерлігі, қараша айында 12 жастан асқан балалар, жүкті және бала емізетін әйелдерге салынатын әлемдегі ең қауіпсіз Pfizer екпесі жеткізілмек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.