Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Сергек» қосылатын күн жақын

0 141

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте қауіпсіздік бейне камераларының орнатылу мәселелері талқыланды.

Жиында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Удергенов «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін (АБК) енгізу және оқу орындарындағы қауіпсіздік туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі таңда Тараз қаласының аумағында 210 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сондай-ақ, жедел басқару орталығын қалпына келтіру жобасы аясында Полиция департаменті Жедел басқару орталығына біріктірілген аналитика функциясы бар 100 бейнебақылау камерасы қойылған.

– Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде 450 нысан анықталып, онда 1250 жалпы бейнебақылау камерасын және 48 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендерін қою жоспарланған. Бүгінгі күні «Сергек» жалпы бейнебақылау камераларын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бекітілген мекенжай бағдарламасына сәйкес 48 «Сергек» АБК-нің 15 бекеттері және 1250 бейнебақылау камераларының 520 бейнебақылау камералары орнатылып, іске қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, – деді Б.Удергенов.

Жұматай Көксубай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.