Жартылай орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы британиялық Лиам Смит (33-3-1, 20 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шақырды.
«Менің ойымша, GGG-мен жекпе-жекке шығуға болады», – деді Крис Юбенкті (32-3, 23 KO) нокаутқа түсіріп, сенсация жасаған Смит Sky Sports арнасына берген сұхбатында.
Головкиннен басқа, Смит жартылай орта салмақтағы экс-чемпион Келл Брукпен (40-3, 28 KO) де айқасқысы келеді екен.
Еске салайық, Головкин – орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO чемпионы. Ал Смиттен жеңілген Юбенк бірнеше рет Головкинді айқасқа шақырған, алайда енді оған GGG-мен жекпе-жекті ұмытқан жөн.