Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ұят болды». Танымал әнші оқырмандарымен жаңалығын бөлісті

0 195

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова Instagram-парақшасында жаңа үй алғанын айтты. Оның сөзінше, жаңа үйге көшкеніне 5 ай болған.

«Маа, ұят болды, мына үйге көшкенімізге 5 ай болды, әлі бір қонақ шақыра алмай жүрдім. Өзім анда-мұнда болған соң. Үлкен кісілер келіп, үйді көріп, менің собственный дайындаған бешбармағымның дәмін татып, сол кісілердің батасын алып, «Уфф!» деп отырмыз. Әрі қарай нағышылар, достарым… Қонағым үзілмесін. Дастарханымыз тек жақсылыққа жайылсыншы», – деп жазған әнші.

Желі қолданушылары оның бұл қуанышына ортақтасқан.

«Жарайсың, Мадикош, үйіңнен қонақ үзілмесін, өзі орамал тартып алыпты, осылай бата алып жүріңіздер», «Құтты қоныс болсын!», «Мерейлі отбасы болыңыздар!», «Мәдина құрдасым, үйің құтты болсын!», «Құтты болсын», «Тек жақсылықтар бола берсін!» – деп жазған Желідегілер.

massaget.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.