Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сенім жүгі

Бақытжан Орынбеков бір жылда не атқарды?

0 255

Тараз – көне дәуірлердің естелігі, адамзат мәдениетінің биігінде айтарлықтай орны бар шаһар. Екі мың жылдан астам тарихы бар қаланың қасиеті мен өсиеті де қатар өрілген, домбыраның қос ішегіндей салтанаты бөлек дүние. Ұлы даланың ұлағатты мәдениеті мен өнерінің негізі де осы жерден бастау алады. «Тарихтың темірқазығына» баланған көне шаһар бүгінде күннен-күнге құлпырып, көркейіп келеді. Әсіресе, Бақытжан Орынбеков Тараз қаласының әкімі қызметіне кіріскен бір жылдың ішінде атқарылған айшықты істер көңіл қуантып, көз сүйсінтеді. Біз де осы орайда шаһар басшысының он екі айда тындырған толайым тірліктерін саралап көрген едік.

Тараздықтардың тұрмысы түзелуде

Бүгінгі күні облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артып келеді. Атап айтқанда, 2023 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуында оң өзгерістер қалыптасқан. Мәселен, өнеркәсіп саласында 295,6 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, нақты индекс көлемі 107,3 пайызды, ауылшаруашылығында 2,9 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызды құраған. Сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 62,5 миллиард теңгені немесе нақты көлем индексі 100,9 пайызға жетті. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 30,6 млрд. теңгеге, нақты көлем индексі 100,7 пайызға орындалды. Сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жалпы аумағы 174,7 мың шаршы метрді құрап, мұндағы меже де 100,0 пайызға орындалған. Сонымен қатар инфляция деңгейі 13,7 пайызды құрап, азық-түлік тауарлары – 14,0 пайызға, азық-түлік емес тауарлар – 15,3 пайызға, ақылы қызметтер тарифі – 11,1 пайызға өскен. Ал жұмыссыздық деңгейі 5,7 пайызды құраса, ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 527 теңге, орташа номиналды айлық жалақы 285 131 теңгеге жетті. Денсаулық саласына келетін болсақ, есепті кезеңде 1 ана өлімі тіркелген. Өкінішке орай, 44 нәресте шетінеп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6 оқиғаға артқан.
Қалада қылмыспен және құқықбұзушылықпен де күрес күшейіп келеді. Айталық, құқық қорғау саласында есепті мерзімде шаһар көлемінде жалпы әр түрлі 1538 қылмыс тіркеліп, былтырмен салыстырғанда қылмыс саны 22,5 пайызға төмендесе, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 25,4 пайызға азайған. Сондай-ақ, 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында қала бойынша жол көлік оқиғалары 38 пайызға төмендеген.

Кәсіпкерлікке – кең өріс

Елімізде шағын және орта бизнестің дамуына барынша серпін берілуде. Бұған мемлекет тарапынан да кең қолдау көрсетіліп келеді. Айталық, күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа арнаған Жолдауында «Соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастады. Алайда орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді. Еліміздің нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кәсіпорындар көп емес. Оларға қолдау көрсету қажет. Мұндай кәсіпорындардың әрқайсысына қатысты нақты жоспар әзірлеу керек. Сол арқылы олардың өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту қажет», – деген еді. Әрине, бұған дейін де кәсіпкерлікті дамытуға бағытталаған баянды бағдарламар қабылданған болатын. Соның арқасында қаламызда да кәсіпкерліктің көкжиегі кеңеюде. Айталық, ағымдағы жылы 2020-2025 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Дәмді себет» ЖШС-нің «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіруді ұйымдастыру» жобасы іске асырылды. Жоба құны 700 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 2 160 тонна өнімді құрайды. Ашылған жаңа жұмыс орындары 105 бірлік. Аталған жобаның іске асырылуы бойынша «Ұлы дала» ықшамауданынан 0,5 гектар жер телімі берілді. Сондай ақ, 2023-2024 жылдары жалпы құны 32,2 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Аталған жобалар жүзеге асырылғанда 884 жаңа жұмыс орыны ашылады деп күтілуде. Олардың қатарында «Kisc» ЖШС-ң «Металл құю цехын жаңғырту», «СП-Тараз PET» ЖШС-ның «Полиэтилентерефталат рециклингу бойынша зауыт салу», «Alima Delux» ЖШС-ның «Тұрмыстық техника зауыты», «Оргэлитстройсервис» ЖШС-ның «Қант зауыты мен құрама жем өндіру», «Alina Group» ЖШС-ның «құрғақ құрылыс қоспалар зауытының құрылысы», «Алаш Пром» ЖШС-ның «Автоклавты газдалған бетон» сынды жарқын жобалар бар. Әрине, аталған жобалар халықты тұрақты жұмыспен қамтып ғана қоймай, өңірдің өндірісін өрістетуге мол мүмкіндік берері сөзсіз. Бұдан бөлек, қала аумағында «Тараз» ӘКК» АҚ-да 100 пайыз сенімгерлік басқаруымен «Тараз» индустриялық аймағы ЖШС жұмыс істеуде. Оның жалпы ауданы 184 гектарды құрайды. Шаһардың болашақта дамуын ескере отырып, бекітуге ұсынылған Тараз қаласының жаңа Бас жоспарында қаланың батыс бөлігінен «Шөлдала» алқабына барар жолда 1 150 гектар жерді, Аса ауылына шыға берісте 500 гектар жерді химиялық индустриалдық аймаққа, Асқаров көшесі соңынан Элеватор маңынан 13 гектар жер агроөнеркәсіптік кешенге белгіленіп отыр. Сонымен, 1 847 гектар жер шаһардың өндірістік әлеуетін көтеру үшін индустриалдық аймаққа үлестірілмек. Осының нәтижесінде құны 74 миллиард теңгелік, жалпы көлемі 57,1 гектарды құрайтын 7 жобаны іске асыру көзделуде. Олардың ішінде ағымды жылы құны 822 миллион болатын 4 жоба іске қосылмақ. Оның ішінде «ТВ Alloys KazakhLimited» (инвестор Индия) – Ферросилиций өндіретін, «НУР ХИМ 2021» ЖШС – Трикотаж және тігін бұйымдарын өндіруге арналған, «НУР ХИМ 2021» ЖШС – Минералды тыңайтқыштар, «Аскар-Тау НC» ЖШС – Түрлі фракциялы асфальтбетон қоспасын, битум эмульсиясын және қара қиыршық тасты өндіру, «Jeti bulag» ЖШС – Битум эмульсиясы, «Мамешова Айгуль Бекеновна» ЖК – Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіретін, «Eco Energy Plant» ЖШС – қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) қайта өңдеу зауытын салу жобаларына айрықша атап өткен абзал. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің кіші индустриалды аймақтардың құрылысын қолдау бағдарламасымен «Кемел» тұрғын алқабы маңынан көлемі 28,0 гектар болатын «Кіші индустриалды аймақ» құру жоспарлануда. Сондай-ақ, Жамбыл ауданының Тараз қаласына қосылатын аумағынан аталған 28,0 гектар жермен жалғасып жатқан 32 гектар жер резервке белгіленді.
Бүгінгі таңда 3,3 миллиард теңгені құрайтын қызығушылық танытқан 26 жоба анықталған. Кәсіпкерлерді тарту жұмыстары әрі қарай да жалғасын таппақ. Бұған қоса ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 10,9 миллиард теңгеге 504 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде пайыздық ставкаларды субсидиялау тетігімен 8,5 миллиард теңгеге 306, «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 2,4 миллиард теңгеге 198 жоба кепілдендірілді. Ал, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы 1 жоба 700 млн. теңгеге қаржыландырылған.

Асыраушы сала алшаң басуда

Шаһарда ауыл шаруашылығы саласы да алға озуда. Мәселен, аталған салада 2023 жылы «Алель агро» АҚ-ы инкубаторлық цехын ашып, 60 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлауда. Сондай-ақ азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ірі сауда орындарымен («Магнум», «Small», «Смарт», «Дәмді себет», «Сафият», «Дәмдес», «Фиркан», «Нұрислам», «Алма» «Нурила») 2 базар («Ауыл Береке», «Сұлтан») және 16 әлеуметтік дүкендерге тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Шаһар тұрғындарына азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасау, отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдау, жарнамалау және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының 11–ші жұлдызынан бастап әр аптаның сенбі күндері «GRAND BAZAАR» сауда кешені алдында 26 жәрмеңке өткізіліп, 687,1 миллион теңгеге 1 076 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен өткерілген.

Қоғамдық көліктердің саны көбеюде

Қалада қоғамдық көлік мәселесі қашанда зор сұранысқа ие. Тұрғындар тарапынан да жиі көтерілетін сауалдардың көпшілігі осыған байланысты. Осыған орай қала тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында №19 маршрут бағыты «Шалғай Қарасу» алқабына, №55 және №28 бағыттары «Ұлы Дала» (15) ықшамауданына, №12 және №34 бағыттар «Родничок», «Қайнар» алқаптарына дейін созылды. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан жиі наразылықтар туындаған «Шөлдала», «Құмшағал» алқаптарына қызмет көрсететін №54 бағыттың кесте саны 5-ке дейін көбейтіліп жүру аралығы 20 минутқа қысқартылса, қосымша 3 кестемен «Құмшағал», «Көлтоған» алқаптары – Темір жол вокзалы бағытында қызмет көрсетуді бастады. Сондай-ақ «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 1 наурыздан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға тегін жол жүруге, ал 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың жол жүру құжатының (билетінің) толық құнының елу пайызын төлей отырып, жол жүруге қолжетімділікті қамтамасыз етуде. Бұдан бөлек ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап «Smart City Servise» ЖШС қызмет көрсетіп отырған №9 маршрут бағыты тұрғындар сұранысына байланысты «Арай», 1 маусымнан бастап «Шаңырақ» алқабына дейін созылды. Тағы бір айта кетерлігі, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінд «RusStroy» ЖШС-мен 21 аялдама орнату жұмыстары үшін құны 32,5 миллион теңгеге шарт жасалды. Бүгінде аялдамалар толығымен орнатылып, олардың шатырын жабу, орындықтарын орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Строительная компания NSN» ЖШС-мен 15 аялдама орнату жұмыстары үшін құны 28,6 миллион теңгеге шарт жасалған. Бүгінде орнатылған аялдама саны – 12. Бұл жұмыстар бірер күнде толық аяқталмақ. Бұған қоса 9 бірлік жарық диодты таблоларды орнату жұмыстарына бюджет есебінен 17 миллион теңге қаржы қаралып жеңімпаз мердігер «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС тарапынан монтаждау жұмыстары тәмамдалды.
– Автопарктердегі жылжымалы құрамдарды жаңарту жұмыстарына келсек, бұл бойынша ағымдағы жылы 38 бірлік жаңа автобустар жеткізілген. Атап айтқанда, «Автобус паркі-2020» ЖШС-мен «ZHONG TONG» маркалы 20, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС-мен «ZHONG TONG» маркалы 3 бірлік «ПАЗ» маркалы 5, «Smart City Servise» ЖШС-мен «Golden Dragon» маркалы 10 бірлік автобустар әкелінді. Сонымен қатар, «СапарТранс-2012» ЖШС тарапынан кемінде 10 бірлік Yutong маркалы автобустарды қыркүйек айында жеткізу қолға алынса, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тарапынан жыл аяғына дейін қосымша 15 бірлік автобус жеткізу жоспарда бар. Сондай-ақ «Smart City Servise» ЖШС-мен 60 бірлік автобус жеткізуге қатысты меморандум жасалды, – дейді қала әкімі Бақытжан Орынбеков.

Ирригация игілігі

Облыс орталығын сумен жабдықтау бойынша да ілкімді істер қолға алынуда. Айталық, «Жамбыл су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Тараз қаласының жеке және заңды тұлғаларын ауыз сумен және кәріз қызметтерімен қамтамасыз етеді.
Бүгінде қаланың 92,4 пайызы сумен қамтылған. Жер астынан су көтеру үшін 90 дана жерасты су ұңғымалары жұмыс істеуде. «Жамбыл су» МКК тарапынан инвестициялық бағдарлама аясында да ауқымды жұмыстар қолға алынған. Кеңінен тоқталар болсақ, 17 нысан бойынша 4 183 метрді құрайтын су желілері ауыстырылады. Құны – 225,9 млн. теңге. Қазіргі уақытта ұзындығы 2 476 м болатын 11 нысандағы жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ 8 нысан бойынша ұзындығы 2 497 м құрайтын кәріз желілері жаңартылады.
Бүгінде Жауғаш батыр, Тәуке хан көшелеріне жұмыстар жоспарлануда. Келесі, инвестициялық бағдарламаға сәйкес 240,1 млн. теңгеге техникалар мен қондырғылар сатып алу көзделіп отыр. Тараз қаласын сумен қамту мәселесі бюджет қаражаты есебінен де іске асырылуда.
Осы бағытта ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстардың да ауқымы кең. Мәселен, «Казарма» және «Шөлдала», «Құмшағал», «28 саяжай», «Қызыл-Абад», «Көлтоған», «Жиделі» алқаптарындағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету» нысаны іске асырылуда. Бүгінгі күні барлық жұмыстар 70-90 пайыз аралығында орындалған.
Сондай-ақ, Тараз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 04 қазандағы №5113 қаулысымен 145,5 шақырымды құрайтын 365 көшенің иесіз су құбырлары коммуналдық меншікке алу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, 178,6 миллион теңгеге 8 көшедегі су құбырларын жөндеу үшін сметалық құжаттамалар жасалынып, мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Құмшағал» шағын ауданындағы су құбыры желілері мен сорғы станциясын қайта жаңарту (реконструкция) және Тараз қаласында жаңа 35 дана су ұңғымасының құрылысына, жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялау жұмыстары жүргізілуде.
– Қаланы абаттандырудағы маңызды салалардың бірі – көгалдандыру, оның ішінде жасыл желектерді суару мәселесі. Бүгінгі күні шаһарды ағын сумен қамтамасыз ететін арық жүйелерінің тозығы жеткен. Осы орайда, жүйелерді қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобаны 2023-2025 жылдарда жүзеге асыру көзделіп отыр. Ағымдағы жылы осы мақсатқа қала бюджетінен 940 миллион теңге қаражат қарастырылды. Мердігер мекеме – «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС. Бүгінгі күнге ықшам аудандарда 9100 метрді құрайтын ескі лотоктарды монтаждау және демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Жалпы жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес 33 шақырымдай арық жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жұмыстарды аяқтау қазан айының соңына жоспарланған.
Шаһарды абаттандыру да айрықша назарымызда. Айталық, Тараз қаласының әкімдігі мамандарымен зерделеу жүргізу барысында қала аумағында абаттандыруды және балалар ойын алаңын салуды қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің аулалары мен жеке тұрғын үй секторларының тізімі жасалды. Жасалған тізімге қала тұрғындарының өтініш-тілектері сырт қалмай қосылып отырды.
Мәселен, осы жылы Тараз қаласы аумағында 26 ауланы абаттандыру жоспарланған. Ол үшін бюджеттен 675 миллион теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 26 аула бойынша «Проект и К» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталды, – дейді шаһар басшысы. Оның айтуынша, бүгінгі таңда мердігер серіктестікпен келісім-шартқа отыру жұмыстары жүргізіліп, 23 аула бойынша абаттандыру жұмыстары басталған. Ауланы абаттандыру жұмыстарына балалар ойын алаңын салу, аула жарығын орнату, жол жабындысын төсеу және бордюрлер орнату кіреді. Жалпы абаттандыру жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың қазан айының соңына жоспарланған.

Биыл 44 көше жөнделуде

Жол – экономиканың күретамыры. Сондықтан да жол жөндеу жұмыстары әрдайым басты орында. Тақтайдай тегіс жол жанға жайлылық сыйлап ғана қоймай, тұрғындар қауіпсіздігінің де кепілі. Әсіресе, шаһарда жол жөндеу жұмыстары қарқын алуда.
Тараз қаласында қазіргі таңда 1 445 көше жолы бар. Оның ішінде асфальт жолдары бар көшелердің саны – 838, шағал тас жолдары бар көшелердің саны – 607. Ал жолдардың жалпы ұзындығы – 1 888,5 шақырымды құрайды.
Ағымдағы жылы ұзындығы 86,8 шақырымды құрайтын 44 көшеге орташа жөндеуге қалалық бюджеттен 3 361 748,9 мың теңге бөлінген.
Бүгінгі күнде конкурс нәтижесі бойынша 44 нысанда мердігер, 41-де техникалық қадағалаушы анықталды. Сондай-ақ, 14 нысанда асфальт жабындысы төселіп үлгерді. Бұдан бөлек, қайта жаңғырту бойынша 2 нысан жүзеге асырылуда. Жобаларының жалпы құны 1 140 278,828 мың теңге, ұзындығы 5,6 шақырымды құрайды. 2023 жылға жалпы – 868 161,0 мың теңге қарастырылған.
– Қазіргі таңда, Шостакович 4 бұрылысы мен Момышұлы көшесінің қиылысы аралығында асфальт жабындысының 1-қабаты (КЗ) салынса, Жансүгіров көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін жұмыстар толық аяқталды, Сондай-ақ, Саңырақ батыр көшесінен бастап Момышұлы көшесі аралығында асфальт жабындысының 1-қабаты төселсе, Момышұлы көшесінен бастап көпірге дейін кеңейетін жол бөлігінде жұмыстар жүргізілді. Ал Ташкент және Мәмбет батыр нысандары бойынша 2023 жылға облыстық бюджеттен 166 855,475 мың теңге қаралды. Ал көптен бері мәселесі шешілмей келе жатқан «Бурыл» алқабын орташа жол жөндеу жұмыстары да басталды. Мердігер мекеме «Арайстроймаркет» ЖШС-і. Келісім-шарт құны – 3,4 млрд.теңге.
Бүгінгі таңда жергілікті бюджет есебінен 330 млн.тг. және республикалық бюдждет есебінен 100 миллион теңге қаражат қарастылып, негізгі қоғамдық көлік қатынайтын жолдар асфальтталатын болады. Қалған жұмыстар 2024 жылға қарастырылған. Сондай-ақ, Тараз қаласы «Барысхан» тұрғын алқабын асфальттау бойынша жобалық сметалық құжаттамалар әзірленіп. Бүгінгі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз анықталуда.
Жолдарды ағымды жөндеуге келсек, мердігер «Нұрлы Жол-7» ЖШС-мен 164 000,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып, 29 904 шаршы метрді ағымды жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, үнемделген қаражат есебінен 4 622 шаршы метрді ағымды жөндеуге «RusStroy» ЖШС-мен 23 875,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып, жұмыстар толығымен тәмамдалды. Бұған қоса шаһардағы ықшамаудандардың ішкі жолдарын ағымды жөндеуге «Ерлан и К» ЖШС-мен жұмыстар басталды. Одан бөлек саяжай алқаптарына баратын жолды ағымды жөндеуге «НұрАбдрахман жолдары» ЖШС-мен келісімшарт 22 400,0 мың теңгеге жасалып, жұмыстар жүргізілуде, – дейді Бақытжан Әмірбекұлы.
Шаһардағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ерекше екпін түсірілуде. Соның нәтижесінде биыл жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жалпы 320 000,0 мың теңге қаралған. Оның ішінде, 53 300,0 мың теңгеге «СтройМонтажGroup» ЖШС-мен қаңтар-ақпан айларында 280 жол белгісі, 3 жаңа бағдаршам нысаны орнатылды. Ал 266 700,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Бұған 1 500 дана жол белгісін орнату, 1 000 метр жасанды кедергі орнату, жаяу жүргінші өтпесін абаттандыру, бағдаршам нысандарын күтіп-ұстау, жол бөлігін бояумен және пластикпен таңбалау жұмыстары кіреді. Сонымен қатар ағымдағы жылы Абай даңғылындағы 2 көпірге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге «ДӘН-Қо» ЖШС-мен келісімшарт жасалған.

Жылу желілері
жаңғыртылуда

Тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Айталық, Тараз қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша атқарылатын жұмыстардың 2023-2025 жылдарға арналған 3-жылдық жол картасы әзірленген. Соған сәйкес, 2 магистралдық және 9 ішкікварталдық жылу желілеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жалпы ұзындығы 6138,66 метр болатын М-1 магистралдық жылу желісін қайта жаңғыртудан өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) түзету енгізіліп, кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны 10 756 миллион теңгені құрады.

Бүгінгі таңда республикалық бюджеттен 9 608 млн теңге және облыстық бюджеттен 1 067 миллион теңге қаржысы сұралып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ал жалпы ұзындығы 1 360 метр болатын М-3 магистралдық жылу желісін қайта жаңғыртудан өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) түзету енгізіліп, қазіргі таңда, жоба сараптамадан өтуде. Сонымен қатар, тозығы жеткен 9 ішкікварталдық жылу желілерін қайта жаңғыртудан өткізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге және одан әрі ведомстводан тыс сараптамадан өткізуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, «Бақыт таңы» ЖШС және «Құрылыс инвест жоба» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Қазіргі уақытта мердігер серіктестіктермен келісім-шарт жасалып, бастапқы деректері жинақталып, сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары басталған.

68 көше самаладай жарқырады

Қазіргі таңда Тараз қаласы бойынша жалпы 1 445 көше мен бұрылыс бар. Оның 852-і негізгі көшелер мен әлеуметтік нысандар орналасқан бұрылыстар. Бүгінгі таңда Тараз қаласы бойынша 493 көше мен бұрылыстар түнгі жарықпен қамтамасыз етілген. Нақты айтсақ, бұл жұмыстарға 2021 жылы қалалық бюджеттен 180 миллион, 2022 жылы 180 миллион, биыл 500 миллион теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі уақытта 68 көшеде құрылыс жұмыстары аяқталып, құжаттар электр тасымалдайтын мекемеге өткізілуде. Құжаттарды қыркүйек айының ортасына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Құрылыс жұмыстары қарқынды

Таразда тұрғын үй құрылысы да қарқын алуда. Жалпы Тараз қаласы бойынша мемлекеттік қордан пәтер алу кезегінде 22 088 азамат(ша) тіркелген. Сондай-ақ, Тараз қаласы «Отбасы банк» АҚ-да «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жалпы республика бойынша 51 миллиард теңге қаражат бөлінген. Жамбыл облысы бойынша 1679 отбасы қатысуға өтініш білдірсе, олардың ішінен Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті шешіміне сәйкес, 342 отбасы негізгі тізімге енген. Сонымен қатар, депозитінде 20 пайыз жарна жинақтаған 4 734 салымшы бар.
Айталық, 2023 жылы облыста «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба шеңберінде 2 653 пәтерлі 46 тұрғын үйдің (213,2 мың ш.м.) құрылысын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде 2 353 пәтерлі 41 кредиттік тұрғын үй, 300 пәтерлі арендалық тұрғын үй бар. Жыл соңына дейін тағы 2 248 пәтерлі 33 үйдің (174,0 мың ш.м.) құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Тараз қаласының бас жоспар жобасына 2007 жылы жобалау жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы №104 қаулысымен бекітілген. Бас жоспары бойынша қала аумағы 18 787 гектар- ды құраған болатын.
Бүгінгі күні жалпы жобалау жұмыстары барысында шаһар аумағын заман талабына сай дамыту, қадамдық қолжетімділік қалыптастыру, көркейту және жер кезегі мен пәтер кезегіндегі азаматтарды қамту мақсатында облыс орталығына Байзақ және Жамбыл аудандарына қарасты жалпы 14 елді мекен және 2 саяжайды қосу жоспарлануда.
Бас жоспарға сәйкес, қала аумағын Байзақ және Жамбыл аудандары есебінен 12 905,3 гектарға ұлғайту жоспарлануда. Соның нәтижесінде шаһар аумағы 31 693,7 гектарді құрайтын болады. Қазіргі таңда Тараз қаласының бас жоспарын әзірлеу жұмыстары аяқталып, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитетінен» кешенді қала құрылысы сараптама комиссиясының қорытындысы алынды.Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы НҚА (нормативтік құқықтық актілер) ашық порталында талқылау үшін жарияланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметіне қаулысыны бекітуге жолдау үшін ұсынымдарын алуға тиісті мекемелерге хаттар жолданып, «Атамекен» ҰКП, Тараз қалалық Қоғамдық кеңес және Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінен келісім алынды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы және Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасынан келісім алу күтілуде. Ағымдағы жылы Тараз қаласының бас жоспары бойынша екі әкімшілік аумаққа бөлу жұмыстары аяқталды. Халық арасында «Залиний» аталып кеткен тұрғын алқаптың халқы қолайлы өмір сүруі үшін және қаламен қарым-қатынасты нығайту үшін 2-ші әкімшілік ауданның әкімшілігі, драма театр, спорттық сауықтыру кешені, сауда ойын сауық кешені, саябақ және оқушылар сарайы салынбақ.

Тұрғын үйлер
жаңаша кейіпке енуде

Тұрғын үй қорын жаңғырту «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 2011 жылдан бастап жұмыстар жүргізілуде. Қала аумағында 1 103 үйдің пайдалануға берілген мерзімі 30 жылдан асқан, оның ішінде 477 үй күрделі жөндеуден өткізілсе, қалған 626 үй алдағы уақытқа жоспарлануда.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» және «Нұрлы жер» 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламалары аясында көппәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары 2011 жылдан бастап республикалық, жергілікті бюджет пен қайтарым қаражатты қоса алғанда 16, 610 миллиард теңгеге 477 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы 63 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Ол үшін 5, 372 411 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне ұсынылған.
2023 жылдың мамыр айына дейін тұрғын үй алу кезек тізіміне тіркелген тұрғын үйге мұқтаж жандарға барлығы 28 бір бөлмелік пәтерлер бөлінді. Жыл соңына дейін 60 пәтерден тұратын төрт тұрғын үй беру жоспарда тұрса яғни, жыл соңына дейін барлығы 268 пәтер берілетін болса, тұрғын үйге мұқтаж жандардың 1 пайызы ғана баспанамен қамтамасыз етілген. Халықтың наразылығын тудырмау мақсатында кезек тізімінде тұрған әрі тұрғын үйге мұқтаж жандарға арналған арендалық тұрғын үйлердің көбірек соғылуына ықпал етуге үшін Қазақстан Респуликасы Министрлігіне өз құзыреті шеңберінде жеткізу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан бірнеше рет хат жолданға. Соның арқасында республикалық бюджеттен құны 9 600 000 теңгнжнг аспайтын 300 пәтерге 2,880 миллиард теңге қаражат бөлінген.

Бос жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

Бүгінгі күнге Бірыңғай Мемлекеттік Жылжымайтын мүлік кадастры (ЕГКН) жүйесінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алуға арнайы кезекте 116 818 азамат тіркелген, соның ішінде – 2005 жылы 1 185 азамат, ал 2006 жылы 11 509 азамат тіркелген.
2022 жылдың наурыз айынан бастап жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға арнайы кезек Бірыңғай Мемлекеттік Жылжымайтын мүлік кадастры (ЕГКН) жүйесінде енгізілген. Айта кету керек, аталған жүйеде 2005-2009 жылдар аралығында жер кезегінде тұрған азаматтардың мәліметтері толық емес. Осыған байланысты 2023 жылдың ақпан айынан бастап жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтардың тізімін өзектендіру жұмыстары жүргізілуде, халықты хабардар ету мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына, Тараз қаласының ресми сайтына, Бөлімнің «Facebook» және «Instagram» парақшаларына хабарландырулар берілген. Нәтижесінде 2023 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін кезекте тұрған азаматтардың деректерін өзектендіру бойынша – 5 891 азамат келіп, оның шінде 4 600 азаматтардың мәліметтері өзектендіріліп жүйеге енгізілген. Жұмыстар ары қарай жалғастырылуда.
«Құмшағал» тұрғын алқабынан жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін беру жұмыстары да жалғасын табуда. Жыл басынан бастап кезекте тұрған 130 азаматқа жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелері берілген. Оның ішінде Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 10,11-баптарына сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 35 азаматқа әлеуметтік қолдау шаралары ретінде жер учаскесі бөлінген. Қазіргі таңда Асқаров көшесінің соңында көлемі 19,8 гектар 9 жер, «Қарасай» алқабында 19,6 гектар 4 жер, «Хамукат» алқабында 9,9 гектар 3 жеке және көлемі 80,1 гектар 1 мемлекеттік жерді мемлекетке мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылға жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен қайтару жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен 386,6 млн теңге қаражат қарастырылған.
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының талаптарына сәйкес, жер учаскелерін тәуелсіз бағалаушымен бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еңбекқор жастарға қолдау көп

Халықты жұмыспен қамтуға мемлекет тарапынан қолдау өте көп. Әсіресе, жастардың екі қолға бір күрек табуына барлық жағдай жасалған. Таразда да жұмыссыздықпен күрес күшеюде. Халықты жұмыспен қамтуға өтініш берген азаматтардың саны – 13 426 адамды құраса, оның ішінде жұмыcпен қамтылған-дар – 5 887 адам. Ал мемлекеттік қайтарымсыз грантқа 2023 жылға жоспар бойынша 183 адамға бөлініп, бүгінгі таңда 91 адам грант иегері атанды. Өткен жылдың осы мерзімінде 100 адам грантқа қол жеткізді. Сондай-ақ «Жастар тәжірибесі» бойынша ағымдағы жылдың шілде айында 215 түлек жалақыны толығымен субсидиялау шартымен жолданса, ақылы қоғамдық жұмысқа 892 азамат жіберілген.

Әлеуметтік салалар
айрықша маңызға ие

Бүгінде білім саласына да ерекше екпін түсіріліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Айталық, биыл 7 мектеп пен 1 бөбекжай-бақша ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2 116 925,3 мың теңге қарастырылған. Сондай-ақ білім нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуына 500 000,0 мың теңге қаражат бөлінген. Сонымен қатар бейнебақылалау камераларын Орталық жедел басқаруға (ЦОУ) қосылуға 82 732,2 мың теңге қаражат қарастырылып, келісім шарт «Транстелеком» АҚ-мен жасалыпты. Осылайша, шаһардағы 62 мектеп толығымен жедел басқару орталығына қосылған. Бұл бойынша конкурс шешімі маусым айында шығып, нәтижесінде жеңімпаз болып «ТОО City Security» анықталды. Келісім-шартқа тұру жұмыстары 5 күн ішінде жүргізілмек. Шаһардағы 62 оқу ордасында дабыл түймесі орнатылып, полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қосылған.
Бұқаралық спортты дамытуға баса мән берілуде. Соның анық айғағы – 2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап облыс орталығында жеке қаражат есебінен 8 жаңа спорт нысаны салынған. Ал ағымдағы жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен 4 аула ал-аңының құ-рылысына 100 миллион теңге бөлініп, «Ұлы дала» (15) ықшамауданы №33,34,35 үйлерінің ауласы мен Менделеев көшесінің 3 – бұрылыс №13 мекен-жайларында 2-і пайдалануға берілген. Сонымен қатар, Өзбек көшесі 1-ші және 3-ші бұрылысының тұрғындарының бірнеше рет жасаған өтініштері негізінде облыс орталығының осы шағын учаскесін спорт алаңдарымен абаттандыруға қосымша 30,0 миллион теңге қаржы қарастырылған. Қалалық бюджет қаражаты есебінен Желтоқсан-Қонаев көшелерінің қиылысындағы және «Талас» (6) ықшамауданы №9 үйдің ауласындағы кіші футбол алаңшаларында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, №19 орта мектебіне қарсы дене шынықтыру – сауықтыру кешенін салуға 437,0 млн.теңге бөлініп, құрылысы басталды. Осылайша, 2022 жылмен салыстырғанда Тараз қаласындағы спорт нысандарының саны 10 бірлікке артқан. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Тараз қаласында азаматтарды жүйелі спортпен шұғылданушы облыс орталығы тұрғындарының жалпы санының 41,6 пайыз немесе 177 489 адамды құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 2,1 пайызға артық. Сондай-ақ бір жыл ішінде 34 167 адам қамтылған 319 қалалық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілген.
Мәдениет – қоғам айнасы, ұлт мәйегі. Әсіресе халықтың мәдени санасы көтерілмей, өзге салаларда ілгерілеу болмайды. Бұл тұрғыда мәдени нысандардың орны бөлек. Ал мәдени ордалардың көркеюі салаға серпін беріп ғана қоймай, бойына нәр жүгіртеді. Бүгінде шаһардағы Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Құрылыс жұмыстарын «Айт-Мус Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Қазіргі уақытта ғимараттың шатыры толық ауысып, қасбетін әрлеу жұмыстары бітуге таяу. Қалған үнемделген қаржыға мекеменің ішкі бөлмелері мен фойелері, көрермен залы жөнделеді. Құрылыс басында бүгінде 20-ға жуық адам еңбек етуде. Мәдениет саласындағы ілкімді істер тек мұнымен шектелмейді. Айталық, ағымдағы жылдың 7 айы бойынша мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында 8, қазақ тілінің латыннегізді әліпбиіне көшу мақсатын- да – 37 , ономастика саласы бойынша – 7 іс-шара ұйымдастырылып, әлеуметтік желіде «Жаңа қазақ әліпбиі», «Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Қазақ тілі – ғажап тіл» челленджі сынды жобалар жүзеге асырылған.
Кітапхана бүгінгі таңда қоғамдық әдебиет пен заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өз пайдаланушыларының жан-жақты, интеллектуалдық және рухани дамуына үлесін қосып отырған ақпараттық орталық. Қала бойынша 8 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Барлық кітапханалар ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. Олардағы жалпы кітап қоры 405 936 дана, мемлекеттік тілде – 174 461 дананы құрайды. 38 632 адам (жоспар бойынша 58 216 оқырман) бүгінгі күнге кітапхана оқырмандары болып тіркелген.
Сондай-ақ Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі ағымдағы жылдың қаңтар – маусым айларында 164 ұйымдастырып, 95 140 адам қамтылды. Атап айтсақ, шаһар тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Халықаралық аналар күні» мерекесіне орай №1 әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығындағы аналарға арнап «Асыл әже» атты мерекелік шара,ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында «Ұмыт болған оюлар» құрақшылар әлемі фестивалі өткізілді. Іс-шараға қаламыздағы кәсібін жүргізіп отырған 30-ға жуық аналар мен қыз – келіншектер қатысып, өздерінің шеберліктерін көрсеткен. Ал «Шапағат» медалінің иегері кәсіпкер Анар Бексұлтанова шара барысында фестивальге қатысушыларға шеберлік сыныбын ұйымдастырып, фестивальге қатысқан өнер шеберлеріне тігін машинасы сыйлыққа берілді.
Бұған қоса «Наурыз жаршысы» атты жылжымалы меркекелік экипаж, «Отбасы – аялы алақан мекені» атты кеш, «Ер қаруы – Бес қару» ұлттық ойындар фестивалі, «Жігіт сұлтаны – 2023», «Кішкентай Ханзада мен Ханшайым», «Тараз аруы» байқаулары, күйші, қобызшы Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған «Қобыз сыры» атты фестиваль, «Батаменен ел көгерер» атты қалалық ардагерлер арасында бата беру сайысы көпшілікті ерекше әсерге бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Әкім бол, халыққа жақын бол!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жергілікті әкімдіктерге зор жауапкершілік жүктеп отыр. Аталған тұжырымдама билік пен бұқараның арасына «алтын көпір» орнатып, халықтың базынасына құлақ түруге мүмкіндік береді. «Әкім бол, халыққа жақын бол» деген қағиданы берік ұстанған Бақытжан Әмірбекұлы тұрғындармен үнемі жүздесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдаудан бір сәтке де жалыққан емес. Мәселен, «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес 2022 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың шілдесі аралығында 12 кездесу өткізілген. Жүздесулер барысында қала тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Аталған жоспарға жалпы 99 (2022-18, 2023-81) мәселе енгізілсе, олардың 69 пайызы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тиесілі. Бүгінгі күнге 99 мәселенің 56-ы орындалса, 35-і орындалу үстінде, ал 8-і қаражат қажеттілігіне байланысты мерзімінде шешімін таппай отыр екен.
Нақтырақ тоқталар болсақ, тұрғындардың Молдағалиев көшесіндегі зираттың құжаттарын рәсімдеу, қоршау туралы ұсынысына сәйкес жер телімі «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне беріліп 2023 жылы келісімшарт құны 1,919 миллион теңгеге «ДМД» жеке кәсіпкермен зират аумағын қоршау жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар №3 аумақтық округі тұрғындарымен өткізілген кездесу барысында көтерілген Көшеней көшесі, №76 үйдің ауласына тынығу орынына самалжай (беседка) орнату туралы мәселесі де қанағаттандырылған. Бұған қоса Сухамбаев көшесінің 2-бұрылысы үйлерінің кешкі уақытта жарық қысымының нашарлауы бойынша мәселе Тараз қалалық электр жүйелерінің станциясы (ТГЭС) тарапынан тұрғын үйлердің басым бөлігі бір фазаға қосылғандығын анықтап, 3 фазаға бірдей бөлу жұмыстарын жүргізді,бүгінгі күнге жарық қысымын қалыпа келтірді. Ал Бөлтірік шешен – Қ.Жалайыри, Бөлтірік шешен – Рысбек батыр, Ы.Сүлейменов көшелеріне бағдаршам орнату бойынша бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу кокурсы өткізілуде. Конкурс нәтижесімен мердігер анықталғаннан кейін мәселе шешімін табады Іс-шаралар жоспарындағы мәселелердің орындалу барысы тұрақты бақылауда және халықпен кездесулер алдағы уақытта да кестеге сәйкес жүргізіледі.
Бұдан бөлек, бір жылдың ішінде қала әкімі Бақытжан Орынбеков 60 жеке қабылдау өткізіп, 661 жеке және заңды тұлғаның талап-тілектеріне құлақ түрген. Оның ішінде 24 сауал оң шешімін тапса, 637-не тиісті түсінік берілген.

P.S. Бір жылдың бедерінде Бақытжан Орынбековтің басшылығымен облыс орталығында тындырылған тірлік  жетерлік. Барлық салада тек өсім мен өрлеу байқалуда. Алда тұрған жоспар бұдан да ауқымды. Бастысы, Тараз әрі қарай да тотыдай түрленіп, жаңа биікке құлаш ұрарына сеніміміз мол.

Құрмаш Қаптағай    

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.