Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед үкіметтің отставкаға кетуін талап етті

0 728

Қазақстан үкіметі отставкаға кетуі керек. Бұл туралы Парламент отырысында сенаторлардың бірі айтты. Депуттатардың айтуынша, бұған басты себеп Асқар Мамин басқаратын министрлер кабинетінің азық-түлік бағасының өсуіне жол беріп алғандығы, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Пандемия кезеңі басталғалы бір жарым жылдан кейін журналистерді алғаш рет Парламент ғимаратына кіргізді. Онда депутаттар үш жылға арналған елдің бюджетін талқылады. Сондықтан жиынға депутаттардан басқа министрлердің де толық құрамы қатысты. Шенеуніктерге сұрақты тек тілшілер ғана емес халық қалаулылары да қойды. Кейбір мәжілісшілер тіпті мемлекет ақшасын тиімсіз пайдаланғаны үшін физикалық күш қолдануды талап етіп жатты.

«Біз өзгенің ақшасын – еліміздің әлі туылмаған ұрпақтарының ақшасын жеп жатырмыз. Сонымен қатар, осы жылы есеп комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша бюджет қаражатының триллион теңгегесі тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Құрметті аудиторлар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері! Келесі жолы мұндай әрекет үшін жәй ғана түрмеге қамап ғана қоймай, қолын кесу секілді бірнәрселер жасау қажет», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.

Депуттар азық-түлік бағасының өсуіне қатысты да біраз тартысты. Оларға әсіресе жергілікті көкөніс, ет пен нан секілді өнімдердің бағасының тым өсіп кеткені түсініксіз. Шенеуніктер бұл мәселеге жаһандық инфляцияны кінәләді.

«Қазіргі уақытта бидай бағасының төмендеуіне байланысты өнімдер арзандайды деп үміттенудің қажеті жоқ, өйткені шикізат қымбат бағамен сатып алынып және содан қазір қымбат саналатын өнімдер жасалады», – дейді ҚР астық өңдеушілер одағының вице-президенті Таисия Колегова.

Астық өңдеушілер одағы болашаққа болжам жасауға әлі дайын емес секілді. Олардың орнына жағдайды түсіндірген Ауыл шаруашылығы министрлігі нанның бағасы алдағы уақытта да қымбаттай беретінін жеткізді.

«Бірқатар өңірлерде егін өнімдерінің өсімі төмен болғанын ескерсек, шаруалардың шығыны көп болды, ал бұл өз кезегінде астық құнының өсуіне әкелді. Осы себепті әрине, астық бағасының қымбаттауы, бір жағынан, диқандарымыздың қаржылық жағдайына оң әсерін тигізді. Олардың келесі жылға да дайындалулары қажет қой», – дейді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев.

Нан бағасының соңынан көкөністердің де бағасы қымбаттап кеткен. Оның үстіне бұл айырмашылық қыркүйек айында да байқалды. Сонымен қатар азық-түлік бағасының тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де өсіп жатқандығын айта кеткен жөн. Алайда ол жақтағы өсім біздікіндей қарқынды емес.

Ұзақ уақыт Нұр-Сұлтан қаласында тұрып, кейін Өзбекстанға оралған Сирожиддин Жораевтың айтуынша, оның елінде азық-түліктің бағасы әлдеқайда төмен. Әсіресе көкөністер. Ал еттің бағасы біздікімен бірдей.

«Еттің бағасы шамамен бірдей. Сиыр еті – 2500, қой еті – 2800 ал тауық еті – 1000 теңге. Алайда Астанадан арзанырақ сатып алуға болады. Себебі, Өзбекстанда көпшілігі мал ұстамайды, сондықтан қымбат», – дейді Сирожиддин Жораев.

Елдегі қазіргі жағдайға қарап, үкімет бұл тапсырманы сәтті орындауда деп айту қиын. Депутаттардың көпшілігі билік партиясының өкілі болып табылатын Сенат та қазіргі министрлер кабинетінің мүмкіндіктеріне күмәнмен қарайды. Парламент қабырғасында тіпті отставка жайында сөз қозғала бастаған.

«Биліктің басты міндеті – азық-түлік бағасын төмендету. Бірақ өндірушілер тарапынан әдейі жасалып жатқан әрекет секілді көрінеді. Егер министрлер кабинеті инфляцияны тоқтата алмаса, оны басқа адамдар істеу керек. Менің ойымша егер билік берілген тапсырманы дұрыс орындай алмаса, онда отставкаға кетуі қажет. Ал әзірге олардың жұмысын 3 деп бағалаймыз», – деді ҚР Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.