Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сатира саңлағы Бақытжан Советұлы – 55 жаста!

0 1  092

Бақытжан Советұлы жайлы сөз қозғағанда ең әуелі ойымызға сатира мен балалар әдебиеті де қатар оралады. Сатираның садағын асынып, қалжыңнан қуырдақ қуырған ақынның есімі исі қазаққа жақсы таныс. Маңғаз Меркі өңірінде дүние есігін ашып, жайдары Жамбыл ауданында жастық шағы өткен қаламгер мерейлі 55 жасқа толып отыр.  Ол бұл жасқа қара жаяу келген жоқ, басында құрметтің алтын тәжі, астында абыройдың алтын тағы. Бұл аз десеңіз, қазақ әдебиетінің биігінен жарқырап көрінетін жауһар жырлары тағы бар.

Б. Әлімқұлов Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. «Мен де бірдеңе дейінші», «Ерін туралы ертегі», «Бұл мен ғой» атты сатриаралық кітаптары жарық көрген. «Той» кітабын құрастырушы. «Қоянның құлағы неге ұзын, құйрығы неге қысқа» атты балаларға арналған кітаптың авторы.

Ел ағасы дейтін жасқа жеткен Бақытжан ақынның сара жолы ешкімге ұқсамайтын басқа жол, дара жол. Ол сонысымен өзгелерге үлгі. Осы орайда Бақытжан Советұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық тілейміз!

Ендеше қаламгердің шығармаларынан сусындай отырыңыз, құрметті оқырман!

 

БАЙҚАУСЫЗДА…

 (қазіргі сатира)

«Жұмыспен қамту-2020»,- деп

Халықтың қамын жеп.

Үкімет қыруар қаржы бөліп жатыр

Қызығын жұрт көріп жатыр.

Солай ма?

-Солай…

-Ал сенің тірлігің қалай?

Бөлінген қаржыны

Талан- таражға салдың.

Сыбайласыңмен бөліп алдың.

-Енді, мен байқамай қалдым…

-Қалай?

-Көп ақшаны көргенде,

Көзім тұнып кетті.

Күдірейіп жотам тұрып кетті.

Жұмыссыз жандарға бергенше,

Олар қызығын көргенше

Өзім-ақ асай салайын деп…

-Сонда әдейлеп па?

Жоқ, байқаусызда.

-Байқаусызда???

-Иә, байқаусызда.

-Сонда қалай?

-Көзім ғой мені құртқан

Жемсауым да оңып тұрған жоқ

Қылғытып бәрін жұтқан.

-Жә, жарайды,

Сен сияқтыларды көрдім талайды.

Енді жегеніңе қақал.

Үкім шығарамын қатал!

-Аяй көріңіз,

Сізге де керек болам сеніңіз.

Ортақ қой біздің жеміміз,

Бір рет кешірім беріңіз.

-Болды жетер.

Жемегенсің ғой бекер.

Үкіметтің қаржысымен ойнапсың,

400 милионды түк қалдырмай жалмапсың!

Енді 4 милионды қайтарасың.

-4 милион?!

-Иә 4 милион.

-Ал басқасы ше?

-Болды басты қатырма

Басқасын өзің ішіп, же.

Ұнап тұр сөзің, ісің де.

«Байқаусызда» не болмайд

Сотта оны қорғайд.

Бірақ,

Сөзіңде болсын тұрақ.

Бұдан былай ақшаға құнықпа

«Байқаусызда» маған да жолығуды ұмытпа!

 

PS: Осылайша бізде жемқорлармен,

Күрес қызу жүріп жатыр.

Милиардты жымқырғандар-

Ақшаны бөлісіп, тығып жатыр.

Тауығына тары іздегендер-

Көшеде ұсталып, құрып жатыр.

 

 

ЕҢ ЖАУАПТЫ АДАМ!

Әйелі күйеуіне:

-Не адамға, не қоғамға, не балаға, не маған көк тиын пайдаң жоқ. Сен осы кімсің, ә?

-Мен сенің байыңмын!

-Сендей жатыпішер, арамтамақтың барынан жоғы жақсы.

-Онда кетейін бе?

-Артыңа топырақ.

-Болды, бітті кеттім!

-Көзіме күйік болмай құры. Бар.

-Іздемейсің ғой.

-Қуыс кеуде сен кімге керексің?

-Саған, балама.

-Бай жолда, бала белде. Білдің бе?

-Онда Президентке керекпін.

Фу. Туған туыстарыңа дейін теріс айналғанда. Президент сені қайтсін.

-Олай деме кеше ол ешкім көмексіз қалмайды деді. Құдайға шүкір енді 42 мың теңге алам.

-А?

-Б. Дәл солай.

-Үй жаным менің. Байым да, барым да менің. Шәй ішесің бе?

-Жоқ кеттім.

-Қайда?

-Көшеге.

-Көшеде нең бар. Өмір бойы үйде жатыпішкен сен, бүгінде ең жауапты адамсың ғой.Міне енді еңбегің бағаланды. Аллаға шүкір. Президентке мың да бір рахмет! Үйде жата бер. Жоқ әлде… Шаршап жүрсің ғой. Бір нетіп… тартып жібересің бе?

-Во мынауың ақыл. Алғашқы алатын жалақымды жуайын да.

-Иә, сөйте ғой. Сенен аяғанды ит жесін. Жаным менің, жатыпішерім менің. Тфә, тфә. Жата бер, жата бер. Мен қазір…

PS: Құдайдың көзі бар. Президентіміз жасасын! Біз біргеміз!

 

ЖОЛ ЖЫРЫ

– Бөке, ассалаумағалейкум.

– Уағалейкумассалам.

– Қайдан келесіз?

– Құрылыс басқармасынан.

– Не, әлі, жол бітпеді ме?

– Біткен еді…

– Енді?

– Бір жылдай жанымыз кіріп,

Машинамен жүйткіп жүріп.

Мәз болып қалып едік

Жететін жерімізге зуылдап барып едік.

Тақтайдай тегіс жол

Бізге де керегі еді ғой сол.

– Ә, дұрыс болған.

– Жоқ, тірлік жоқ оңған.

– Неге?

– Сол…

– Айтсайшы бол.

– Не айтары бар.

Асфальталған көшеміз

Тас талқан етіліп тасталды.

Жылу құбырын жаңалау

Енді ғана басталды.

– Апырмай, ә.

Жол салмай тұрып жаңалауға…

– Ойбай үндеме қаласың дауға.

Қазір сол мәселені көтерем деп,

Келемін таяқ жеп.

– Неге?

– Оған бола бас қатырма дейді.

Үкімет біздің қамымызды жейді.

Ең бастысы жылу,

Жылудың қадірін керек қой білу.

Қахаған қыста-

Мүмкін емес жылусыз өмір сүру.

Қазылған жол қалпына келеді,

Оған қосымша қаржы бөледі.

Ол, ол ма, биыл жылу,

Ендігі жылы суық су-

Құбырлары алмастырылады,

Осылайша жұмыс жалғастырылады,-дейді.

– А, мейлі.

– Иә солай, үндеме дейді.

 

PS: Ойымыз жоқ бұзық.

Дегенменде «жол жыры»

Бізде шынында да қызық?!

Желге ұшқан қаржыны

Кім берер екен тізіп?!!

 

 «ХАЙП» ПЕН «ЛАЙК»

-Жылынабір-ақ рет есеп бересіңдер

Елді алдап келесіңдер.

Жоқ былай болмайды

Көңілім менің толмайды.

Әлеуметтік желіге кіру керек

Халықтың жағдайын білу керек,-

деген Презетденттің сөзінен соң,

Барлық әкім ойланып қалды.

Қонжиып отырған суреттерін

Фейсбугке салды.

Тіпті бәрі

Жеке парақшаларын да ашып алды.

Енді,

Оған жаздыру үшін елді.

Жандайшаптары сабылды

-Неткен сурет.

Керемет.

Біздің әкім-супер.

Ойы да тіпті терең ед.

Өзі қандай.

Көзі қандай

Шашын айтсай шашын,

Қасын айтсай, қасын.

Басын айтсай, басын.

Нағыз сенің досың,-деп

Басшысының қамын жеп,

Елді «Лайк» басуға шақырды.

Бірақ қарапайым халық

Сіресіп қалған суретке

Жіби қоймады.

-Мынауың маңғаз ғой,

Сіресіп қапты

Ақмақты тапты.

Арты креслоға жабысып қалған ба?

Халықпен түс суретке,

Оған сен арланба!

Не істеп, не қойдың жаз.

Өз-суретіңе өзің болмай мәз».

Міне осы сияқты сөздер

Суретіне қадалған көздер

Қарша борады

Уәж әрине орынды.

Құлақ асу керек сөзге толымды.

Әкім Мырза

Білсеші оңың мен солыңды.

Егістік басында,

Шаруалар қасында.

Өнеркәсіп пен кәсіпорын

Қанша аштың

Жұмыс орын.

Өз –өзіңе жасай бермей «Хайп»

Міне осындайыңды айт.

Білсін халық,

Сонан соң өздері-ақ басады «Лайк»

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.