Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әрбір құжат үшін 30-50 мың теңге: Маңғыстауда дәрігерлер 150-ден астам вакцина паспортын сатқан

0 207

Маңғыстау облысының полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері іс жүзінде екпе алмай, вакцинацина паспорттарын заңсыз алу фактісін анықтады. Барлығы 150-ден астам құжат берілген,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, сегіз адам ұсталған.

«Жалған вакцинация паспорттарын екпені салмай сатқаны үшін сегіз адам анықталды, олардың арасында дәрігерлер мен делдалдар да бар», – деді аймақтық полиция департаменті.

Базада тіркелген әрбір құжат үшін медицина қызметкерлері 30-50 мың теңге алып отырған. Ұсталғандар 150-ден астам вакцинация төлқұжаттарын заңсыз бергендерін мойындады.

Қазіргі уақытта полицияда Қылмыстық кодекстің 385-бабының 2-бөлігі «Бірнеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасалған жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденсе, айыпталушылар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.