Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сарысуда баға тұрақтылығы бақылауда

0 273

  Сарысу ауданы әкімі Марат Сұлтанғалиев сауда орындары мен дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шектен тыс қымбаттамауын өз бақылауына алды,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Аудан басшысы әуелі Жаңатас қаласында орналасқан көтерме саудамен айналысатын азық-түлік дүкендеріне бас сұғып, халық көп тұтынатын тауарлардың бағасымен танысты. Сондай-ақ өткен аптада Байқадам, Жайылма, Игілік, Тоғызкент және Жаңаталап ауылдық округтеріне жасаған жұмыс сапары барысында жергілікті азық-түлік дүкендеріне кірді. Ондағы әлеуметтік маңызы бар нан, сүт, ұн, күріш, картоп, күнбағыс майы және тағы басқа тауарлардың бағасын шектік межемен салыстырды.

Жалпы, аудандағы азық-түлік тауарларының бағасын реттеу және тұрақтандыру бойынша 12 мониторингтік топ құрылған. Мониторинг қорытындысы негізінде аудан әкімі М.Сұлтанғалиев ірі кәсіпкерлік субъектілерімен кездесті. Басқосуда аудан әкімі дәріхана мен жеке дүкен иелерін қарапайым халыққа мейлінше қарайласуға үндеді. Сауда қызметін реттеу туралы арнайы Заңда көрсетілген әлеуметтік маңызы бар тауардың үстемақысын 15 пайыздан асырмау қажеттігін түсіндірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.