Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сарысуда қарияларға құрмет жалғасуда

0 437

Қазақ қариясын қашан да қадір тұтқан.Езін жөнге, тентегін тезге салатын, көненің салтын, ғұрпын һам шежіресін жеткізуші қазыналы қарттарымыздың қашанда беделі биік.

Қоғамда алар өз орны бар  қарияларды жылына бір рет келетін  қарттар күнімен құттықтап, құрмет көрсету ізеті әлі де жалғасуда. Қарияларға құрмет қашанда көптік етпейді.Еліміз тәуеліздік алғалы бері тойланып келе жатқан бұл мерекенің -тағылымы зор, тәрбиесі ерек.

Егемендігімізді қалыптастырып, болашағымыздың іргетасы болған қазыналы қарттар бұл  мерекені ерекше ықыласпен күтетіні анық. Осындай құттықтау Қырғыз этномәдени орталығының жетекшісі Сатыбеков Алтай Әбдірахманұлының туған күнімен тұспа тұс келді. Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтың арнайы құттықтауын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнұр Алтынбекова жеткізді.Қариялар күні және туған күнімен құттықтап, сый-сияпат тарту етті.

Өзін елеп жатқан аудан басшылығына Алтай Сатыбеков жыр жолдарымен алғысын жеткізді.Ауданда суырып салма ақындық қасиетімен танымал, еңбекқор, өзін мен Қазақпын деп таныстыратын Алтай қария жайлы қысқаша тоқталып өтсек.

Ол 1947 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Билікөл ауылында (Қарабастау) дүниеге келген.1966 жылы Қырғызстан Республикасында Қырғызстан мемлекеттік физкультура институтын бітірген. Отбасылы. 2-ұл, 2 қыздан жеті немере көріп отырған бақытты әке.

Өзінің құрметті демалыста жүргеніне қарамастан, әлі де еңбек етіп зейнетке шыққан ел қарияларымен кездесулер мен басқосуларға ат салысып, қазіргі уақытта Сарысу ауданының «билер кеңесінің» мүшесі.Ұрпақтар сабақтастығы жарасымымен сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық. Бейбіт заманның қадірін білетін қадірлілеріміздің ақылы – дария, өмірі – өнеге.  Мұның тәрбиелік мәні зор. Желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақ алдыңғы толқын ағалардың өнегелі ісін бойына сіңірсе – еліміздің ертеңі жарқын болады.

Қариясын сыйлап, төбесіне көтерген елден қасиет-кие деген айналып өткен емес!

Д.Үмбетиярова

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.