Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ең, ең, ең…

0 250

2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласының өзгелерден ерекшеленіп тұратын үздік дүниелері жетерлік. Олардың бірі көлемімен, келесісі ұзындығымен басқалардан дараланады. Қала күніне орай шаһардағы осындай таңдаулы дүниелердің бірсыпырасын оқырмандар назарына ұсынбақпыз.

Ең ұзын субұрқақ

Тараздағы ең ұзын субұрқақ «Желтоқсан толқыны» деп аталады. Қайрат Рысқұлбеков саябағының жанынан ашылған субұрқақтың ұзындығы – 220 метр. Оның алғашқы толқыны 86 санынан басталады. Бұл тек Тараздағы ғана емес, еліміздегі ең ұзын субұрқақ болып саналады.

Ең биік сағат стеласы

Еліміздегі ең алып сағат стеласы «Шахристан» этномәдени кешенінің ал-дынан бой көтерген. Шаһардың кез келген жерінен көрінетін нысанның биіктігі 40 метр болса, диаметрі 4 метрге жетеді. Ол Самарқан кірпіші мен майолик тасынан дайындалған.

Ең үлкен ескерткіш

Қаланың көркін ашып тұрған «Тектұрмас» тарихи кешенінде алыс-тан менмұндалап тұрған Әулиеата бабаның еңселі мүсіні еліміздегі ең үлкен ескерткіштердің көшін бастап тұр. Оның салмағы 10 тоннаны, ескерткіш постаментінің биіктігі 8 метрді, ал мүсіннің биіктігі 13 метрді құрайды.

Ең ұзын көше

Тараздағы ең ұзын көше – Абай даңғылы. Қала құрылымының радиальдік-сақиналы жүйесіне сай солтүстіктен оңтүстікке қарай доғаша иілген көшеге қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының есімі берілгенше, бірнеше ұсақ көшелерден тұрған. 1996 жылдан бастап Абай көшесі «Абай даңғылы» болып өзгертілді. Қазір Абай даңғылы қаланың орталық әрі негізгі көшесі болып саналады.

Ең қарт тұрғын

Шаһарымызда ғұмыр жасаған жандар да бар. Бүгінде көзі тірі ең қарт тараздықтың аты-жөні – Нурлыгаян Шангареева. Ол 1915 жылы 3 қыркүйекте өмірге келген. Қазір қарт ана 106 жаста.

Дайындаған Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.