Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сапалы тыңайтқыштар жеткізу жөнінде шарт жасалды

0 1  157

Бүгін Талас ауданы Қаратау қаласында Отандық фосфорлы минералды тыңайтқыш өндіруші «Қазфосфат» ЖШС—нің арнайы сауда үйі болып табылатын «Kaz Chemiсals Trading House» ЖШС—нің тарапынан ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жоғары сапалы импорттық минералды тыңайтқыштарды жеткізудің жаңа шарттарын жасасу бойынша кездесу өткізілді.
Аталған кездесуге Талас ауданы әкімінің орынбасары Медет Уристенов, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының егін шаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкір Момынқұлов, «KAZ Chemicals Trading House» ЖШС—нің өкілдері Нурлан Акимжанов, Азатхан Усенбаев, Назым Какимбекова, Ермахан Сатымбаев, Қуаныш Кузембаев қатысты.
«Kazchemical Trading House» – Қазақстан минералды тыңайтқыштар зауытын салумен айналысатын «KAO CHEMICALS» компаниясының жобаларының бірі.
Серіктестік өсімдіктердің өсуінің сыни бастапқы кезеңінде топырақтың фосфат режимін жақсарту үшін қолданылатын «Аммофос 10:46», минералды тамақтану және ауыл шаруашылығы дақылдарын азықтандыру үшін де қолданылатын «Аммиак селитрасы 34,4-NH4NO3», жоғары тиімді фосфорлы «Диаммоний фосфаты 18:46 – (NH4)2hpo4» минералды тыңайтқыш «Диаммофоска 10:26:26 – (NH4)2hpo4», «Карбамид 46,2-NH4H2PO4 + NH4NO3 + KCL-азот-фосфор-калий тыңайтқышы» сынды ең жоғары сапалы өнімдерді жеткізумен айналыстын Қазақстандағы ең үздік сауда алаңы.
Кездесу барысында мамандар тарапынан аудандағы шаруа қожалық басшыларына келісім шарт талаптары түсіндірілді. Нәтижесінде «Кеңескүл-апа», «Нұрислам», «Берікқара» шаруа қожалықтары Серіктестікпен келісім-шартқа отырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.