Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елбасы стипендиясын кімдер алатыны белгілі болды

0 235

2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын алатын тұлғалар есімі белгілі болды. Бұл туралы Akorda.kz сайтында жарияланды.

2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы:
Әдебиет қайраткерлері
Айтқожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері
Алдияр Бақытжан – 1974 жылы туған, ақын, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты
Әбдікұлы Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әшімов Әкім (Әкім Тарази) – 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Әшіров Ахмет – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Бақтыгереева Ақұштап – 1944 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері
Гарькавец Александр – 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері
Досанов Сәбит – 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері
Жағанова Алтыншаш – 1943 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Жайлыбай Ғалым – 1958 жылы туған, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері
Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері
Исабеков Дулат – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері
Қосылбеков Дидар – 1969 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қыдырханұлы Уахап – 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері
Медетбек Темірхан – 1945 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Мырзахметұлы Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Нұрпейісов Әбдіжәміл – 1924 жылы туған, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Оразбаев Иранбек – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
Өтеулиев Бауыржан – 1969 жылы туған, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Сарыбаев Бейбіт – 1983 жылы туған, жазушы
Сегізбай Кәдірбек – 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Сматаев Софы – 1941 жылы туған, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақ КСР-інің халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының
Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты
Тұрғынбекұлы Серік – 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
Шапай Тұрсынжан – 1957 жылы туған, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Өнер қайраткерлері
Әбдіреев Марат – 1965 жылы туған, суретші
Андриасян Рубен – 1938 жылы туған, театр режиссері, Қазақстанның халық әртісі
Асылханов Ермек – 1951 жылы туған, дизайнер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ахметова Мәрия – 1921 жылы туған, музыкатанушы
Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әшірбекова Роза – 1938 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі
Байдүкенова Рухия – 1998 жылы туған, әнші, «Славянский базар-2021» халықаралық конкурсының жеңімпазы
Бекқұлова Айжан – 1954 жылы туған, қолөнерші
Джалилов Самат – 1990 жылы туған, кинорежиссер
Жақанов Ілия – 1936 жылы туған, композитор, ақын, өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері
Жанботаев Досжан – 1949 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Жолжақсынов Досхан – 1951 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің иегері
Ерманов Жүрсін – 1951 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Зайберт Виктор – 1947 жылы туған, археолог
Имаханов Бекен – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі
Қалықова Саида – 1985 жылы туған, пианист
Кәден Лидия – 1952 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Клушкин Юрий – 1937 жылы туған, музыкант, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Қазығұлов Алпысбай – 1958 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі
Қосыбаева Тамара – 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
Қосымбаев Мэлс – 1970 жылы туған, айтыскер
Максим Ержан – 2007 жылы туған, әнші, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты
Мәлібекұлы Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы
Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Наурыз Ернат – 1995 жылы туған, домбырашы, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты
Нүсіпжан Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері
Обаев Есмұқан – 1941 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Олжабай Темірлан – 1996 жылы туған, күйші, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты
Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Орымбаева Гүлсәуле – 1952 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Өтекешева Меруерт – 1951 жылы туған, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Померанцев Юрий – 1923 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Разиева Гульвер – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Сұлтанов Сүндет – 1992 жылы туған, балет солисі
Сіргебаев Ескен – 1940 жылы туған, суретші, мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі
Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Тұрдығұлов Жолаушы – 1950 жылы туған, суретші
Тұрысбек Секен – 1961 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Тыныштығұлова Сара – 1942 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Тілеубаев Қуат – 1972 жылы туған, киносуретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Шәкірат Сержан – 1939 жылы туған, күйші, «Құрмет» орденінің иегері
Шынарбаев Ермек – 1953 жылы туған, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.