Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сапалы білім – жарқын болашақтың кепілі

0 197

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы ел арасында қызу талқыланып, көпшіліктің қолдауына ие болды.

Жолдау елдің өмірін жақсарту, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, білім сапасын көтеру, адам құқығын қорғау, саяси жаңғыруға арналған және халықтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау үшін әр салада қандай іс-шаралар атқарылуы қажеттігін айқындап берді.
Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей, егемендігіміз – ең қастерлі құндылығымыз. 30 жыл аралығында Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дара саясатының арқасында дүниежүзіне танымал ел болды. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналып, тұрақты даму жолында мемлекетімізді нығайтты. Тыныштық пен бейбітшілікті ту еткен Елбасының бұл бастамасын әрбір қазақстандық қолдайтыны сөзсіз.
Індетке қарсы іс-шаралар аясында жүздеген емханалар салынып, жаңа озық медициналық құралдармен жабдықталды. Дәріханалар елге қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Жаппай вакцинациялаудан кейін қазіргі таңда эпидемиялық ахуал жақсарып келеді. Нәтижесінде Жамбыл облысы «жасыл» аймаққа енді. Еліміздің барлық өңірі де «жасыл» аймаққа өтіп, халық тіршілігі қайтадан алаңсыз қалпына келсе деп тілеймін.
Өзім білім саласында жұмыс істегендіктен, Жолдауда осы бағытқа бағыттылған шаралар айрықша әсет етті. Біріншіден, Президенттің 1000 мектеп салу Жарлығы өте орынды. Себебі елімізде орын тапшылығынан үш ауысымда оқып жатқан, ғимараты ескірген мектептер баршылық. Заманауи мектептер салынып, жаңа технологиялық құралдармен оқу кабинеттері жабдықталса нұр үстіне нұр болары тағы ақиқат.
Екіншіден, білім саласындағы басты тұлға ұстаз болғандықтан, мұғалімдердің мәртебесін көтеру керек. Әрбір дамыған елдің көрсеткіші экономикамен қатар, білім саласымен анықталады. Сондықтан да ұстаздардың жалақысы жоғары болып, тұрмыс тапшылығы болмай, тек өз білімдерін жетілдірумен айналысуы қажет. Сонда ғана өркениетті еліміздің ұрпақтары білімді һәм саналы азамат болады. Осы орайда Президент педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы қаңтар айында 25 пайызға көбейетінін, алдағы үш жылда осы мақсатқа 1,2 триллион қаржы жұмсалатынын айтқаны бойыма ерекше қуаныш сыйлады. Бұл – болашақ ұстаздарға да, яғни педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түскен студенттерге де айрықша қолдау мен демеу.
Пандемия білім саласына өз салқынын тигізді. Десе де, жаңа оқу жылында оқушылар мектепке оралып, дәстүрлі сабақ жүйесіне көшті. Мұғалімдер 100 пайыз вакцинацияланып, сақтық санитарлық ережесінің сақталуы қатаң бақылануда. Осы ретте мұғалімдерді қайта даярлықтан 5 жылда емес, 3 жылда өткізу ұсынысын айтқым келеді. Себебі мұғалімдер шәкірттерінің бойына жаңа білім нұрын себе алатын нағыз ағартушы болу керек.
Президент Жолдауда ғылым саласын қаржыландыру мәселесін де көтерді. Мемлекет құнды құжаттың соңында белгіленген іс-шаралардың жүзеге асуы қазақстандық әр азаматқа байланысты екенін айтып, ел болып еңбек етейік деген тілегін жеткізді.
Осы мақала арқылы мен де Президент Жолдауын қолдай отырып, ұстаздар қауымы ел үшін, елдігіміз үшін адал еңбек етеді деген сенім білдіремін.

Динара Дуйсенова,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану»
ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.