Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сан тағдырды тоғыстырған киелі өнер

0 290

Театр – сан қилы тағдырлар мен өмір жолдарын бейнелейтін сахналық өнер. Яғни актерлардың шеберлігімен  оқиғаға көрген жанды сендіріп, ой салатынерекше орын. Сондай-ақ әр ұлттың көрнекті тарихын, я болмаса, даңқты тұлғаның қиын жолын көрсетіп, өсіп өркендеу кезеңіне дейін жеткізер өнер алаңы. Бір сөзбен айтқанда театр – драмалық, ойын- сауық әрекеттері арқылы тағдырлар ішіне сүңгіп, өзі сомдаған кейіпкерге айналыап, ерекше сезімдер сыйлап, көрерменді эмоция шыңына алып шығар таптырмас терапия.

Театр халықтың айтар ойы мен әлеуметтік мәселені, рухани ой- мақсаттарды, қоғамдық көзқарастарды өзгертіп, дамыта алатын қасиетке ие. Сондай ақ оның да өзге өнер салалары секілді ерекшеліктері жетерлік. Әрлі музыка, архитектура, би, шынайы образ, ерекше кескін-келбет осының барлығы жинақталған синтездік өнер. Мұның барлығы көрерменді бір эмоция толқынына жинап, әдемі сценарий арқылы сезім күйлерін бір арнаға тоғыстырады.

Театр-үлкен маңызға ие, халықты ізгілікке, адами қасиетке тәрбиелейтін қару. Сахнадағы тағдыр иелері өз образдарына беріліп, қайғы-қасіреткешынайы ұшырап, шынайы қуанып, бақытты баққа кіріп, неше түрлі қақтығыс пен талас- тартысқа қатысып образ жетілдіру арқылы қойылымға жан бітіреді. Осыдан соң көрермен де әр кейіпкердің хәліне еніп, оның күлкісіне қуанып, қайғысына көңілі түсіп, қолдап, іштей жаны тітіркеніп, шынайы сенеді. Осылай-ақ қоғамды театрға баулып, халықты сырттай тәрбиелеуге қол жеткізуге болады.

Театр қаншама жылдар бойы өз ерекшелігін жоғалтпай келеді. Әрине, көптеген өнер бертін келе жік-жікке бөліну нәтижесінде театр да драма, балет және операдеп үшке бөлінді. Алайда театр жалпы халыққа арналғандықтан қанша сатыға бөлінсе де өз көрерменін жоғалтқан емес.

  Театр- әлем достығының себепкері. Өйткені әр халықтың әдеп-ғұрпы, ұстанымы, психологиясы, өмір салты қойылым арқылы көрініс табады.

Бізде де театр өнері барынша қарыштап дамып келеді.Республикалық ғана емес облыстар да дарынды әртістер жетерлік. Ал дарынды әртіс кез келген театрдың бағы.

Арайлым Ершеева,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Конвергентті журналистика» мамандығының 4-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.