Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сала мамандары тәжірибе алмасты

0 714

Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен «LifeMed Holding» ЖШС – нің ұйымдастыруымен аумақтық ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылық синдромы) орталығының зертхана қызметкерлері Оңтүстік Корея Республикасында өз білімдерін жетілдіріп келді. «BioNeer Corporation» инновациялық биотехнологиялық корпорациясының базасында ExiStation TM 16, 48 DX платформасында жұмыс істеу бойынша тереңдетілген оқыту курстары мен шеберлік және тәжірибелік сабақтары өтті. Оқыту барысында диагностикалық жиынтықтарды әзірлеушілер мен зауыт мамандары зертханалық қызметкерлер үшін сапаны бақылау, деректерді талдау және зерттеу нәтижелерін талдау мәселелерін қамтитын ПТР диагностикасы бойынша теориялық және тәжірибелік курстар өткізді.

Қазақстандық мамандар зауытта болып, өндірістік үдеріспен және инфекциялық ауруларды диагностикалауға арналған диагностикалық жабдықтар мен тестілер саласындағы жаңа әзірлемелермен танысты. Оның ішінде Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының атынан зертхана маманы Малимов Алтайхан Әлмаханбетұлы барып қайтты. Сапар аясында қазақстандық делегация фармакология, профилактика, зертханалық диагностика және геномдық зерттеулерді қоса алғанда, денсаулық сақтаудың көптеген бағыттары бойынша жұмыс істейтін «Green Cross» биотехнологиялық компаниясына шақырылды. Біздің қызметкерлер Оңтүстік Кореяның жұқпалы аурулар диагностикасына маманданған жетекші клиникалық зертханаларының бірі – «Green Сгоѕѕ» диагностикалық зертханасына барып қайтты. Бұл зертхана жаһандық диагностикалық желінің бөлігі болып табылады. ЖИТС орталықтарының зертханалық қызметкерлері корей әріптестерімен тәжірибе алмасып, зертхананың жабдықталуымен және үлгінің тіркелуі мен қозғалысынан бастап, зерттеу жүргізуге және есеп алуға дейін толық автоматтандыру жүйесімен (ТLA) танысты, бұл тәулігіне 24 сағат бойы зерттеулердің сенімді нәтижелерін беруді қамтамасыз етеді. Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы ҚР ЖИТС орталықтарының 15 зертханасы АИТВ жұқтырған пациенттерді емдеу және инфекциялық ауруларды диагностикалауға зертханалық мониторинг жүргізу үшін автоматтандырылған ПТР платформаларымен жабдықталған болатын. BioNeer корпарациясының ExiStation TM 16 DX автоматтандырылған ПТР жүйесі биологиялық материалдарды молекулалық – биологиялық, молекулалық – генетикалық және геномдық диагностикалауда қолданылатын заманауи құрылғы.

Алтайхан ӘЛМАХАНБЕТҰЛЫ, ЖИТС-орталығының зертхана маманы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.