Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сайлау учаскелері саяси науқанға дайын ба?

0 263

Биылғы жыл еліміз үшін маңызы терең  жауапты оқиғаларға толы болуда. Бұған дейін Ата заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілсе, санаулы күндерден кейін Президент сайлауы өтпек. Қандай саяси науқан болса да ел тағдыры айқындалатын маңызды істің айналасында ұйысып, ұлттың мүддесіне дауыс беру баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Сайлау дүбірінің басталғаны Жамбыл өңірінде анық сезіледі. Саяси науқан қарсаңында арнайы құрылған штаб мамандары өз жұмыстарын жасауы тиіс.  Яғни, кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы туралы заңнаманың негізгі ережелерін түсіндіруге, сайлау үдерісіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсетуге міндетті.

Бүгінде атқарылып жатқан жұмыс қарқыны қалай? Халық хабардар ма? Сайлаушыларға барлық жағдай жасалуда ма? Бұл туралы Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов   және сайлау учаскелерінің төрағаларының қатысуымен болған семинар-тренигте кеңінен айтылды.

– Бүгінгі күнде облыс бойынша 45718 мүгедектігі бар адам тіркелген. Бұл облыс халқының жалпы санына шаққанда 3,8 пайыз ды құрайды.  Мүгедектердің жалпы сайлаушы санындағы үлесі 4,4 пайыз. Аталған мүмкіншілігі шектеулі жандардың ішінен дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін мүмкіндігі бар сайлаушылардың барлық саны – 2373 адам. Ал облыс көлемінде мүгедектігі бар сайлаушылар тіркелген сайлау учаскесінің жалпы саны – 472. Олардың барлығында қажеттеліктер толық қамтамасыз етілген, – дейді Еркін Келесов.

Сондай ақ, құқық қорғау органдары мамандары мен барлық деңгейдегі сайлау комиссиясының өкілдері сайлау учаскерлерінің дайындығын баяндады. Әрқайсысына жүктелген жұмыстар қайта пысықталып, тиісті тапсырмалар берілді.

Дулати университетінің медиа-қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.