Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қауіпсіз қала»

0 409

Жуырда «Тараз – қауіпсіз қала» жобасының орындалуы қалалық мәслихат депутаттарының, қоғамдық кеңес мүшелерінің, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдары басшыларының қатысуымен және облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен өткен жиында қаралды.

Жоба 2020 жылдан бастап іске асырылуда. Аталған жобада қылмыстылықтың алдын алу тиімділігі бойынша бірқатар нысаналы индикаторлар, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемалық мәселелерді шешу қамтылған.
Жобаны іске асыру шеңберінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қаланың неғұрлым криминогендік учаскелерінде полицияға «қадамдық қолжетімділік» қағидаты, бейне-бақылау жүйелерін кеңейту бойынша бірқатар оң жұмыстар атап өтілді.
Кешенді шараларды жүзеге асырғалы қаладағы қылмыстылық 2 есеге төмендегенін облыс прокуроры ерекше атап өтті. Алайда жастардың қылмысқа бейім болуы ерекше алаңдатушылық туғызады. Айталық, осы жылдың 9 айында қылмыс жасаған 1 130 адамның 470-і 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтар. Бұл 42 пайызды құраған. Сондай-ақ көңіл көтеру орындарында жасалған қылмыстар 17,3 пайызға өскен.
Жиын қорытындысымен қалалық мәслихат депутаттарының, Қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірлерін ес-кере отырып, 2023-2024 жылдарға «Тараз – қауіпсіз қала» жобасын жаңадан қабылдау туралы шешім қабылданды.
Аталған жоба қоғамдық орындардағы, отбасылық-тұр-мыстық саладағы, есепте тұрған тұлғалармен, жастар және кәме-летке толмағандармен құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған жұмыстарды күшейтуге бағытталатын болады.
Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылы шеңберінде жастардың құқықтық мәдениетін, жайсыз отбасылармен жұмыс тиімділігін көтеруге, оқу орындарында психологиялық қызметтің кәсібилігін арттыруға бағытталған жұмыс айлығы басталды.
Мүдделі органдардың талқылауы мен ұсыныстарының нәтижелерімен индикаторлар жаңартылып, барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдарға құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмысқа қарсы күрес және өзара іс-қимылды ұйымдастыру бағытында жұмысты жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Құрбанәлі Аманкелдіұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.