Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сәуле Омарова АҚШ Қаржы министрлігіндегі жоғары лауазымнан бас тартты

0 140

Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ Қаржы министрлігінде банктердің реттеушісі лауазымына тағайындалудан бас тартты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Мен Сәуле Омарованың валюталық бақылау басқармасының басшысы лауазымына кандидатурасын кері қайтарып алу туралы өтінішін қабылдадым”, – деді АҚШ президенті Джо Байден

Сәуле Омарова Қаржы министрлігіндегі орыннан бас тартуға шешім қабылдады, себебі ары қарай өз кандидатурасын ұсынуды орынсыз деп санаған.

Байден Москованы 2021 жылдың қараша айының басында бөлім басшыларының бірі етіп тағайындады.

Айта кетейік, АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасының банк комитетіндегі тыңдалымы барысында республикалық партия мүшелері Омароваға бірқатар сұрақтар қойып, “тергеу” жүргізген. Парламент өкілдері оның коммунизмді жақтайтын идеяларының бар-жоғын анықтауға тырысқан еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.