Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сәнді қоржындар таратылды

0 472

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тараз қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Аватария» ойын-сауық орталығында «Тәтті себет» дүкендер желісінде «Сәнді қоржындар» атты экологиялық акция өтті.
Дүкенге 200-ден аса қоржын жеткізіліп, сатып алушылардың барлық тауары сыйғанша тегін таратылды.

– Тараз қаласы тұрғындары арасындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, қоршаған ортаны сақтау мақсатында осы акция ұйымдастырылып отыр. Экологиялық таза матадан тігілген сәнді қолсөмкелердің зияны жоқ. Ал полиетиленді пакеттер өте зиян. Полиетилен пакеттердің ыдырау уақыты 500 жылға жетсе, матадан жасалған қолсөмкелердің шіру уақыты бір жыл. Және матадан жасалған қоржындарды қоршаған орта өзіне сіңіріп алып, пайдалы зат өндіреалады – деді Тараз қалалық «Темірқазық» еріктілер қозғалысының президенті Азамат Нәмелбек.

Ақ түсті матадан тігілген сәнді қоржындардың бірінің бетіне «Taraz» деп жазылып, қазақи ою-өрнек салынса, қалғандарына Тараз қаласының кіре берісіндегі қақпа, Айша бибі, Қарахан баб ескерткіштері бейнеленген. Дүкен тұтынушылары заттарын сәнді қоржынға лықа толтырып, мәз мейрам болып тарасты.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.