Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Алдымен менің деңгейіме жетіп алыңдар»: Қазақстандық таксист қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен жолаушыға ұрсып тастады (видео)

0 2  112

Қазақстандық такси жүргізушісі жолаушының қазақ тілінде сөйлеуін өтінгеніне ашуланып, жол бойы оған дауыс көтерумен болды. Ол қай тілде сөйлесу керектігін өзі шешетінін мәлімдеген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. “Мен өзім қалаған тілімде сөйлеймін. Менің кім екенімде, қандай тілде сөйлейтінімде шаруаларың болмасын! Сатқынмын ба, жоқ па, мені соттайтын сендер емес”, – деп айқайлайды таксист.

Оның айтуынша, ол кеңес дәуірінде өскен. Ол кезде елде бір тілде ғана сөйлеседі екен. Балабақшадан бастап бәрі орысша оқыған. Таксист ұлты қазақ екенін айтты. Бірақ өзі қалаған тілде ғана сөйлескісі келеді екен.

– «Менімен қазақша сөйлесіңіз дедім…»

– «Қазақша сөйлегім келмейді. Мүлде сөйлескім келмейді. Түсінбесең тыныш отыр».

– «Қазақсыз ба?»

– «Мен сізге ерегескенде сөйлеспеймін. Менің екі дипломым бар. Техника ғылымдарының докторымын. Сіз маған бұйырмақсыз ба? Алдымен деңгейіме жетіп алыңдар?»

 – «Сіз мені де білмейсіз. Менің де екі бірдей жоғары білімім бар. Сіз мемлекеттік тілді білмейсіз. Сондықтан менен төмен тұрасыз, қалай десеңіз де. Қазақша біле тұра қазақша жауап бермейсіз? Мен қазақша қызмет алғым келеді.»

– «Мен өзіме ыңғайлы тілде сөйлегім келеді. Болды.»

– «Сіз ана тіліңізді сыйламайсыз ба?»

– «Оның қатысы не?»

Ер адам оның заманында қазақ тілінде ешкім сөйлемегенін атап өтті.

«Сіз кімсіз, мен кіммін?Сіз ұлттық элита ретінде қысым көрген кезде орыстар арасында тұрдыңыз ба? Мен қазақпын, осында тұрдым, өстім, дүниеге келдім, барлық мүдделерімді қорғадым. Мен өзім қалағандай сөйлесемін. Мен сізбен қазақ тілінде сөйлескім келмейді және мүлде қазақ тілінде сөйлегім келмейді», – деді ол.

Кадрдың артында әйел ер адамнан оған айқайламауды сұрайды. Оған қарсылық білдіруге тырысады, бірақ ол тыңдағысы келмейді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.