Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрылыс жұмыстары қарқын алуда

0 490

2023 жылдың 9 айында 10,9 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нақты көлем индексі 132,4%-ды құрады. Ағымдағы жылы жылы аудан көлемінде бюджет қаражаты есебінен барлығы 4,4 млрд. теңгеге 36  нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, Шоқай ауылынан 140 орындық мектеп құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Сондай-ақ Қаракемер ауылының ауыз суы қолданысқа берілсе,  Бесағаш-Түрксіб ауылдарындағы құрылыс жыл соңына дейін аяқталады. Ал Бектөбе, Қызылшарық, Ерназар, Жаңа өткел ауылдарын ауыз сумен қамту бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Бұдан бөлек, Гродиково ауылының маңында орналасқан шекара заставасын газбен қамту, Жаңа Өткел ауыл. ауысымына 5 адам қабылдайтын медициналық пункт, Шайқорық ауылында 45 адамға арналған дәрігерлік амбулатория, Қаракемер және Тоғызтарау ауылдық округі әкімшілігі ғимараты, Аса ауылындағы жаңа тұрғын үй алқапты электр желсімен қамту, Қызылқайнар, Ақбұылым ауылдарында Мәдениет үйі, Аса ауылындағы Мұражай, Орталық кітапхана, Мұрағат  және Жасөспірімдерге арналған демалыс орталығы, Пригородное, Айшабибі, Гродиково, Өрнек, Қаракемер, Бесағаш ауылдарындағы спорт кешенінің құрылыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Аса ауылында қаңғыбас иттер мен мысықтарды арнайы ұстау орнының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, Тоғызтарау ауылы аумағындағы Аса өзенінің арнасына гидротехникалық имарат құрылысы аяқталуда. Бұған қоса Аса ауылындағы «Аса» станциясында темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі салынуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.