Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрылыс сапалы жүргізіліп, уақытылы аяқталуға тиіс

0 33

Бүгін Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Әмірханов Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек және Ұланбел елді мекендерін аралап, білім-тәрбие ошақтарының құрылысы, фельдшерлік акушерлік пункттердің жәй күйі, су тораптарының жағдайы мен қысқы жылыту маусымына орай жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысып, орындалу барысын бақылады.
Атап айтар болсақ Құмөзек ауылының су торабының қызметінің барысын зерделеп басталған сапар Ы.Алтынсарин орта мектебіне жалғасты. Қазіргі таңда мектепке 230 тонна көмір түскен болса, қысқы маусымға дайындық жұмыстары бойынша қазандықтың жәй-күйімен танысты.
Одан соң Қарабөгет ауылындағы 100 балаға арналған мектептің жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының бүгінгі барысын анықтап, жаңа оқу жылына уақытша дайындалған орынның жағдайын анықтады.
Сапар барысы Сарыөзек ауылына жалғасын тауып, аудан басшысы аталған ауылда салынып жатқан медициналық пункттің құрылыс жұмыстарын бақылап қайтты.
Ауылдарды зерделеудің соңында Е.Әмірханов Ұланбел ауылындағы М.Әуезов мектебінің қазандығының жәй күйімен танысып, Ұланбел ормандарды қорғау бөлімшесінің материалдық техникалық жабдықталуымен арнайы танысты.
Аудан басшысы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан және қысқы маусымға дайындалып жатқан әлеуметтік нысандарды аралау барысында атқарылған жұмыстарды саралап, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті бөлім басшысына және ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.