Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жалынды жастарға – жан-жақты қолдау

0 261

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», – деген болатын.

Бұл бағытта Тараз қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жастарды әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, қаланың әлеуметтік-экономикалық өміріне жастарды белсенді тарту, жастардың қоғамдық бірлестіктермен байланысын жүзеге асыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде шаһар тұрғындарының жалпы саны – 433 122, оның 120 902-сі 14 пен 35 жас аралығындағы жастарды құрайды. Жалпы шаһардағы мектептерде 76 951 оқушы білім алса, жоғары оқу орындары мен арнаулы орта оқу орнында 39 506 студент оқиды.

Бүгінде Тараз жастары Мемлекет басшысының Үндеуіне үн қосып, түрлі шараларға белсене атсалысуда. Айталық, ағымдағы жылы орталық тарапынан 11 бағыт бойынша 831 іс-шара ұйымдастырылып, оған 35 266-ға жуық жас қамтылған болатын. Сонымен бірге орталыққа қарасты «Қазақстан студенттер Альянсы» волонтерлық қозғалыстары білім, таза әлем, саулық, сабақтастық, асыл мұра, қамқор, үміт қатарлы 7 бағыт бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, жастар мен жасөспірімдер арасында волонтерлық бағытын дамыту мақсатында 82 іс-шара ұйымдастырылып, оған 3 500-ге жуық жас қамтылды.
Бәрімізге мәлім, тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет тарапынан жастарға айрықша қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын еске салып көрсек, онда ел Президенті NEЕT санатындағы жастардың мәселесіне назар аудару керектігін атап өтіп: «Біз жұмыссыз жастарға жол сілтеп, бағыт-бағдар беруіміз керек. Олардың тұрақты кәсіп табуына көмектесуіміз қажет. Қазір жұмыспен қамтуға бағытталған бірнеше бағдарлама бар. Бірақ жастардың көбі сол шаралар туралы білмейді. Мемлекет ұсынып отырған түрлі қолдау жұмыстарынан хабарсыз. Бұл мәселе тек жалаң үгіт-насихатпен шешілмейді. Үкімет пен әкімдер жастарды жұмыспен қамту мәселесімен арнайы айналысып, күнделікті назарда ұстауы қажет», – деген болатын.
Осы мақсатта елімізде жас азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған және білім беру жобаларына тарту мақсатында бірқатар шара қабылданған болатын. Осыған орай, «Мансаптық орталық» филиалымен бірлесіп, 6 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен 32 кеңес беру алаңы өткізіліп, NEET жастар және жас отбасыларға кәсіптік бағдарлау жұмысына жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы хабардар етуге. Бүгінгі таңда «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі базаға 11 228 жас енгізілді. Қалған NEET санатындағы жұмыссыз 23 жаспен жұмыс жүргізілуде.
Сондай-ақ ағымдағы жылы жастарды уақытша жұмыспен қамту бағытында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыруға 245 жас қамтылды. Күніне 8 сағаттық уақытша жұмыспен қамтылатын жастардың бір айлық жалақысы 85 000 теңгені құрады. Сонымен бірге «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары қаладағы саябақтар мен көшелердің күл-қоқыстарын тазалаумен қатар, қала өмірінің гүлденіп дамуына өз үлестерін қосуда. Атап айтқанда, «Жасыл ел» еңбек жасақтары қаладағы саябақтарда, «Жастар» аллеясы, Қ.Рысқұлбеков саябағында жұмыстар жүргізіліп, Ы.Сүлейменов, Желтоқсан, Б.Майлин, Қ.Тұрысов көшелеріндегі ағаштардың жабайы бұтақтарын кесіп, арықтарын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, 19 наурыз күні – Жаңару күніне орай Қ.Рысқұлбеков саябағына «Жасыл желек – жердің көркі» атты акция аясында зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары 700-ге жуық тал көшеттерін отырғызды.
Өздеріңізге мәлім, ағымдағы жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Тұмса табиғатты түрлендіру, елімізді көгалдандыру, абаттандыру мақсатында жүргізіліп жатқан шараға шаһар жастары да бел шешіп кірісуде. Айталық, аталған акция аясында 5 апталық республикалық экологиялық акциясын өткізу бойынша желілік кесте әзірленіп, 10 сәуір мен 12 мамыр аралығында тазалық жұмыстарын жүргізу, тал балақтау, аула, ескерткіш маңдарын абаттандыру бағытында 50 іс-шараның тізбесі әзірленді. Сондай-ақ кестеден бөлек, әр аптаға тақырыптық жоспарлар бекітілуде. Жоспар бойынша 10 сәуір мен 12 мамыр аралығында жалпы 153 іс-шара ұйымдастырылып, оған 17 151 адам қатысты.
Атап айтқанда, 10-14 сәуір аралығында «Таза өлке» апталығы аясында қала аумағында 29 тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, көпқабатты үйлердің аулаларына, қала көшелеріне санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, 2 175 ағаш көшеті отырғызылса, 16-21 сәуір аралығында «Киелі мекен» екінші апталығы аясында тарихи-мәдени ескерткіштердің маңын абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, 5 146 ағаш көшеті мен 500 раушан гүлі егілді. 22-28 сәуір аралығында «Жасыл аймақ» үшінші апталығында скверлерде, қала көшелеріне, саябақтар мен шалғай аумақтарға 2 453 ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында «Өнегелі ұрпақ» төртінші апталығында қаланың белсенді жастары, «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің қызметкерлері ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарттар үйіне санитарлық тазалық, ағаш бұтау, сырлау жұмыстарын жүргізіп, зиялы қауым өкілдерімен TEDx форматта еркін сұхбаттасу ұйымдастырылды.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың 6-12 мамыр аралығында «Мөлдір бұлақ» бесінші апталығында су қоймаларының айналасы, өзен-көлдерді күл-қоқыстан, жабайы шөптерден тазалау жұмыстары жүргізілді. Қала аумағында 28 мамыр күні республикалық телеарналардың қатысуымен «Қапал», «Үшбұлақ», «Қарасу-1,2», «Төрегелді» каналдарының механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді және 10 маусым күні «Мамыр» тоғайында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, радио-концерт ұйымдастырылды, барлық техникалық жұмылдырылды. Сондай-ақ осы күні «Ұлы дала» ықшамауданында «Біздің аула» атты тұрғындардың қатысуымен ағаш отырғызу, тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. «Әулие бұлақ» каналының бойында волонтерлар тазалық жұмыстарын өткізіп, «Үздік волонтер» анықталып, ынталандыру мақсатында сыйлық табыс етілген болатын.
Қоғамды алға тартып, дамытатын азаматтарды қалыптастыру үшін біз бүгінгі күннің өзінде жастардың бойына осы асыл қасиеттерді сіңіре білуіміз аса қажет. Ол құрғақ уағыз, ақыл айтумен ғана келмейді. Жоспарлы түрде жұмыс жүргізу, түрлі мазмұнды, әсері мол іс-шараларды өткізу ұтымды. Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшылығымен «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірқатар іс атқарып келеді. Біздіңше, тақырыптық іс-шаралардың жастарға әсері мен ықпалы зор. Бұл мақсатта орталығымыз түрлі шаралар өткізіп келеді. Мәселен, шаһарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қалалық жастар ресурстық орталығы тарапынан 24 іс-шара бекітіліп, бүгінгі таңда жоспарға сәйкес 18 іс-шара ұйымдастырылып, 850-ге жуық адам қамтылды.
Атап айтсақ, 25 қаңтар күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің превенция басқармасымен бірігіп, Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде «Сыбайлас жемқорлық – қоғам індеті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сонымен қатар 26 қаңтар күні Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиевпен Жамбыл облысы мемлекеттік күзет қызмет басқармасында кездесу өткізілсе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» атты челлендж ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты – жастардың бойында парасаттылық, адалдық қағидаларын сіңіру. Сондай-ақ 30 қаңтар күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының білімгерлеріне таратпа материалдар таратылды.
Сонымен қатар 17 сәуір күні Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Адал ел – жемқорлыққа қарсы!» атты кездесу өтті.
Сондай-ақ ағымдағы жылы жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік жобалар аясында «Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу» атты жобасына 2 000 000 теңге бөлініп, 26 ақпан күні мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесінде, «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанса, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу мақсатында қаланың орталық көшелеріне 6х3 өлшемді 3 баннер орналастырылды.
Бұдан бөлек, мемлекетте әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталған. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, жас отбасылардың баспанамен қамту, табыс деңгейін көтеру, білім алу мүмкіндігін кеңейту мақсатында орталық тарапынан білікті мамандардың қатысуымен құқықтық кеңестер ұйымдастырып отырады. Жастардың саясат пен қоғамдағы рөлі де маңызды екені даусыз. Олардың саяси қозғалыстар мен ұйымдарға қатысуы жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ елді басқарудың жаңа идеялары мен көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Абзал Есіркепов,
Тараз қалалық жастар
ресурстық орталығының директоры

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.