Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрылыс нысандарына қадаға күшейді

0 239

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыстарымен танысты.

Аймақ басшысы әуелі Мәмбет батыр көшесі мен Жамбыл даңғылы қиылысында орнатылған аялдаманы көрді. Бұл маңға жаңа аялдама орнатуды тұрғындар көптен бері сұрап келген еді. Облыс әкімі жауаптыларға тұрғындар өтінішін барынша назарға алып, жан-жақты қарастыруды тапсырды.
Бұдан кейін облыс әкімі Қ.Сәтбаев көшесінде жөнделіп жатқан жолдардың барысымен танысты. Қойгелді көшесі мен Жамбыл даңғылы аралығындағы жол жөндеу жұмыстарына 10 техника, 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Мұнда қазір жол негіздемесі дайындалып, жол жиегіне бордюрлер қойылуда. «Арайстройгруп» ЖШС мер-дігерлігімен қолға алынып жатқан жол ұзындығы бес жүз метрге жуық. Келесі кезекте Нұржан Молдиярұлы «Самал» (7) және «Мыңбұлақ» (9) ықшамауданындағы мектеп және балабақшаларға баратын С.Сейфуллин көшесіндегі жаяу жүргінші жолдарына аялдады. Сондай-ақ аймақ басшысы №40 мектеп-гимназия ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын, «Талас» (6) ықшамауданы, №12 көпқабатты тұрғын үй алдындағы қоқыс алаңшасының жай-күйімен танысты.
Жұмыс сапары барысында облыс әкіміне «Жасыл ел – Тараз» мекеме-сінің басшысы Азамат Әбішев қала аумағындағы арық жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады.
Мекеме басшысының айтуынша, смета бойынша шамамен 33 шақырымды құрайтын арық жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Биыл қаланың шағынаудан-дарындағы арықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, қаланың өзге аумақтарының арықтарын жөндеу жұмыстары алдағы екі жылда іске асырылатын болады деп күтілуде.
Облыс әкімі барлық құры-лыстардың сапасы мен мерзім-кестелерінің сақталуын қатаң қадағалау керектігін баса айтып, жауаптыларға тиісті тапсырма берді.

Жұматай Көксубай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.