Қалалық қоғамдық-саяси газет

Рухы мықты жандарға қолдау көп

0 893

Тараз қаласындағы №5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы бүгінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ортақ үйіне айналған.

Мекемеде арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсету стандартына сәйкес, әлеуметтік-еңбек қызметі толықтай көрсетіледі. Бүгінгі таңда орталықтағы 489 қызмет алушыға барлық жағдай жасалған. Әсіресе олардың еңбек дағдыларын қалпына келтіруге көп көңіл бөлінуде.
Осыған орай 11 бағыт бойынша еңбекке баулу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, мұндағы азаматтарға компьютерді меңгеруге, тоқыма, тігін, қолөнер, сәндік қолданбалы өнер, гүл өсіру, ас әзірлеу үйірмелеріне қатысуға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ табиғи материалдармен жұмыс істеуге, сазбалшық және ағаш шеберханасында еңбек етуге, қоғамдық және шаруашылық жұмыстарымен айналысуға мүмкіндігі бар.
Аталған үйірмелер арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде жүргізіледі. Қызмет алушылардың жасаған сан түрлі дүниелері орталықтағы және облыс көлемінде өтетін көрмелерге қойылады. Сондай-ақ олар орталық ауласындағы гүлдерді, бау-бақшаны күтумен, қоян, тауық өсірумен айналысады. Бұдан бөлек, мекеме қызметкерлері мен қызмет алушылардың арасында сайыстар өткізіліп отырады.

№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының еңбек терапиясы нұсқаушылары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.