Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрметті Жамбыл облысы және Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

0 482

Жамбыл облысының ТЖ департаменті екпіні күшті жел кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыстың жалпы шараларын білуге және орындауға кеңес береді.
Үйде немесе пәтерде болғанда:
– барлық есік, терезелерді жабыңыз, олардың жабылу сенімділігін тексеріңіз;
– электр қуатын, газды өшіріп, су құбырын жабыңыз;
– қуатты желден қауіпсіз жерлер – терезелерден алыс жерлер: дәретхана, дәліздер, кіріктірілген шкафтар;
– лифтті пайдаланбаңыз.
Егер екпіні күшті желге сіз сырттатап болсаңыз:
– жедел түрде кіреберісті немесе берік ғимаратты паналаңыз;
– үйлердің қабырғаларына жақын жерде, қоғамдық көлік аялдамаларында, билбордтардың жанында, талдардың астында, құрылысы аяқталмаған ғимараттардың жанында қалқалап жасырынуға болмайды;
– үзілген сымдарға, тербелетін белгілерге және т.б. жақындамаңыз;
– шіріген және ескі, әсіресе жалғыз тұрған ағаштардан аулақ болыңыздар.
Сақ болыңыздар және дендеріңіздің саулығын бағалаңыздар!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.