Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрметтің ізгісі – алғыс

0 452
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқырмандар санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, оларды отансүйгіштік пен толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатында кітапхананың ұйымдастыруымен «Құрметтің ізгісі – алғыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Үстел басына Тараз қалалық өзбек этно-мәдени орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдинов, Ауған соғысының ардагері Доғдырбай Ботантаев, мәдениет саласының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, сазгер Дүйсенәлі Бықыбаев, «Желтоқсан ақиқаты» патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Жамбыл облыстық және Тараз қалалық филиалдарының төрағасы Санат Қонарбаев, 5513 әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник Рүстем Сайдуов, аға маман, кіші сержант Данияр Құрманбаев, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Тараз қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұрғазы Бердіханов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Айжамал Молдазимова және осы оқу орнының аға оқытушысы, суретші-дизайнер Жамбыл Егізеков, Жамбыл облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері бірлігі мен достығы жарқын мереке туралы айтып, барша халқымызға алғыстарын білдірді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.