Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ревакцинация: Екпенің жағымсыз әсерлері бар ма?

0 276

– Қазір елімізде ревакцинация жүріп жатқаны белгілі. Сондай-ақ «Pfizer» вакцинасы балалар мен жүкті әйелдерге салынуда. Ана ретінде алаңдап отырғаным, осы екпелердің кері әсері жоқ па? Егер жағымсыз реакция байқалса, не істеу керек?

Әсел Жұматаева,
Тараз қаласының тұрғыны

– Қазіргі таңда әлемнің 20-дан астам елінде 12 жастан бастап, жекелеген елдерде 3-5 жастағы балаларға екпе салынуда. АҚШ елінде «Pfizer» вакцинасымен шамамен 8 миллион адам егілді.
«Pfizer» вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін оң шешімін берді.
Елімізде коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцинация тегін жүргізіледі және ерікті болып табылады. 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялауға ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің хабардар етілген жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.
Коронавируспен бұрын ауырғандар сауыққаннан кейін 6 айдан соң жай-күйі тексеріліп барып, екпе алуға жіберіледі.
Егу науқанының басында Тараз қаласындағы №2 және № 5 қалалық емханалардың және аудандарда орталық аудандық емханалардың егу кабинеттері базасында +2+8С режимінде жеке тоңазытқыш жабдықтары мен термоконтейнерлер дайындалып, арнайы оқытылған дәрігерлер командасы жасақталды. Алдағы уақытта екпе алуға ниет білдірушілер саны көбейген жағдайда барлық емханалардың, Тараз, Шу қалаларының және осыған ұқсас жағдайлары бар аудандардың басқа да екпе кабинеттері іске қосылады. Жалпы облыста егу пункттері 629, оның ішінде 245-і медициналық мекемелерде және 384-і оқу орындарында.
12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакцинациялауды білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде аумақтық медициналық ұйымның дәрігерлерінен құралған көшпелі егу бригадасы жүргізеді.
Вакцинациядан кейін егілген адам 30 минут бойы және вакцинациядан кейінгі 3 күн бойы медицина қызметкерінің бақылауында болады.
Вакцина басқа да екпелер сияқты күтілетін реакцияларға ие. Бұл инъекция орнындағы ауырсыну, ісіну, бас ауруы, температура, әлсіздік – кез келген вакцинациядан кейін пайда болатын тұмау сияқты жағдай.
Вакцинацияның артықшылықтары инфекцияның ауыр ағымы мен асқынуларының алдын алады, вакцинацияланғандарды ғана емес, айналасындағыларды да қорғайды, ұжымдық иммунитетті қалыптастырады, иммундаудан кейін берілетін вакцинация паспорты сіздің сапарыңызды жеңілдетеді.
Ағымдағы жылдың 29 қарашасындағы жағдай бойынша «Pfizer» вакцинасымен 1530 адам қамтылды (бұл жоспарланған 139230 адамның 1,1%-ы). Оның ішінде 1258 жасөспірім, 110 жүкті әйел және 162 бала емізетін әйел егілді. Қоймада «Pfizer» вакцинасының 18 945 доза 1-турына және 2-тур 20 475 доза қалып отыр. Егу жұмыстары тікелей дәрігерлердің бақылауымен жүргізілетіндіктен, қауіптенуге еш негіз жоқ.

Гуля Мирзабекова,
облыстың штаттан тыс бас эпидемиологы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.