Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ресейліктерге пәтер жалдап берген қазақстандықтар жазаланады

0 1  224

Бұдан былай ресейліктерді шекарадан заңсыз тасымалдаған оралдық такси жүргізушілері жазаланады. Яғни, иммигранттарға заңсыз пәтер жалдағандарға да сот пен айыппұл қауіпі төніп тұр. Бұл туралы шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысында қадағалаушы орган өкілдері хабарлады.

Астана телеарнасының хабарлауынша, қазіргі таңда материалдар сотқа жіберілген. Рейдтік іс-шаралар барысында салық төлемеген тәртіп бұзушылар анықталған. Айта кетсек, шетелдіктердің ағылуынан бір ғана Оралда жалға беру бағасы екі есеге,  таксимен жүру бағасы он есеге жоғарылған.

– Біздің сауалнамаға қатысқандардың көбі туыстарына төлемсіз пәтер жалдап бердік дейді. Жергілікті полиция қызметімен, көші-қон полициясымен, учаскелік полициямен бірлесіп жұмыс жасау арқылы біз Пәтер иелері кооперативін, OSI-ді тартамыз. Олар бізге нақты ақпарат береді, жұмыс жалғасуда, – дейді БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабеков.

Қазір бақылау-өткізу бекеттеріндегі жағдай тұрақталып, халық ағыны азайғаны хабарланды. Мемлекеттік органдардың мәліметінше, 10 күнде Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Ресей Федерациясының 50 мың азаматы өткен.

Құрбанәлі Қаптағай 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.