Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құрақ құрау – қазақтың қолөнері

0 337

«Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің» тапсырысы шеңберінде «Елу жылда-Ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әже менен анадан, мирас болған бұл өнер» атты онлайн шеберлік сағаты өтті. Оған жас отбасылар, психологтар, көп балалы аналар мен мұғалімдер қатысты.

Онда қазақ қолөнерінің бірі – құрақ құрау көрсетілді. Құрақ құрау бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер түрі. Бойжеткендермен бас қосудағы мақсат – мата қиындысынан құралып жасалатын көрпенің құрағын құрау болды. Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар. Осы орайда құрақ құраудың шебері, жеке кәсіпкер Майра Маханова, өз дәрісінде: «құрақ құрау қазақтың қолөнер туындылары халықтың күнделікті тұрмыста қолданылатын өнер жиынтығы. Қолөнердің негізгі бөлігі ою өрнекте қоршаған орта және әсемдік туралы түсінік бейнеленеді. Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десе, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Құрақ өнері тек қазақ халқына ғана емес, әлемнің басқа ұлт халықтарында да дамыған. Қазіргі кезде мата қалдықтарынан тігілген бұйымдар әр ұлттың тұрмысында кеңінен қолданылып жүр. Мысалы, орыс халқы бұл өнерді «Лоскутная техника» деп атайды. Орыс халқы мата қиындыларынан осы әдісімен жамылатын көрпе, тесеніш, тұтқыш, жастық сияқты бұйымдар дайындаған. Ал Европа халықтарында «Пэчверк» деп аталса, жапон халқында құрақ өнері «Сашико» деп аталады. Қазіргі жапон халқында «Сашико» техникасы ұлттық кимано киімінде және үй тұрмысында қолданылып жүр» – деді. Тараз қалалық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы, «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері – Салтанат Кадирова жұмыстан қолы босағанда тігін тігетінін, «бұл процесс шыдамдылыққа, төзімділікке үйретеді» деп бойжеткендерге бос уақытты тиімді пайдалануға баулыды. «Қазақта аналар өз қолдарымен қыздарына құрақ көрпе жасаған. Біріншіден құрақ құрау қызына қандай да бір үнемшіл бол, бірді екіге құрай біл десе, екіншіден ақыл, сана, мейірімнен құралғанын түйсіндіру – деп шара қорытындыланды. Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі ана ендеше халқымыздың салт-дәстүрін келер келешекке жеткізетін де олар. Осы орайда бойжеткендер өздеріне ой түйіп, қызығушылық танытты.

Ардақ ЖАНТАЕВА,
ТарМӨУ-дің оқытушысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.