Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әр тұрғынның сауалы назарда

0 231

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков облыс орталығының бірқатар тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар жер кезегі, тұрғын үй мәселесі бойынша сауалдар қойды. Сонымен қатар жер телімін заңды бөлу, көше жарықтандыру, үй ауласындағы жабайы сауда нүктесімен күрес, №26 мектеп айналасына жаяу жүргінші жолын салу туралы сұрақтар жолдады.
Қабылдауға келген әрбір азаматтың сауалы назардан тыс қалмайды. Шаһар басшысы тұрғындардың сұрағын жауапты мамандарға тапсырып, заң аясында шешімін табатынын айтты.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.