Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Әрқашан күн сөнбесін»

0 419

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Әрқашан күн сөнбесін!» мерекелік кеш өтті.

Мерекелік кеш «Шабыт» би ансамблі мен «Ару» би студиясының би шашуымен ашылды.

Кеш барысында №62 орта мектептің оқырмандары, «Ұста-Групп» ЖШС Бүркітәлі орта мектебінің өнерпаздары ән орындаса, сиқыр әлемімен таң қалдыратын «Сиқыршы» өз өнерлерін көрсетті. Алдар көсе, Қалқаңқұлақ, Қаңбақ шал ертегі кейіпкерлері балалармен «Кім тапқыр» және «Әріптер сөйлейді» интеллектуалды ойын жүргізіп, би биледі.

Белсене қатысқан оқырмандарға Алғыс хат беріліп, балмұздақтар мен сыйлықтар таратылды.

Кеш соңында «Бар мейіріміміз балаларға» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге балалардың қызығушылығын тудыратын қазақ және шетел ертегілері мен танымдық энциклопедиялар қойылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.