Премьер – Министр Әлихан Смайыловтың Жамбыл облысына жұмыс сапары Сарысу ауданындағы «ЕвроХим – Қаратау» кешенінен басталды.
Мұнда 2022-2026 жылдарға жоспарланған ірі зауыттың құрылысы басталып кеткен.
Жалпы құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын жоба қытайлық серіктестерімен бірге жүзеге асырып отыр. Жоба толық аяқталғанда 1200 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылмақ.
Қазірдің өзінде бұл жобаға Еуропа елдері мен АҚШ, Бразилия мемлекеттері қызығушылық танытып отыр. Әлихан Асқанұлы құрылыстың сапалы аяқталуы керектігін айтып, Үкімет тарапынан қолдау білдіретінін жеткізді.
Сондай – ақ, Үкімет басшысы өңірдің газдандыру мәселесіне де назар аударды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ыбырайханов баяндады. Оның айтуынша, қазіргі таңда бұл бағытқа қосымша 14,7 млрд теңге қажет.
Өз кезегінде Әлихан Смайылов өңірлерді газдандыру өте өзекті екендігін баса айтты. Сондықтан қажетті қолдау көрсетіледі, – деді ол.