Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодарлық ер адам итті атып, көшеде сүйреп өткен: Қазақстандықтарды желіде тараған видео шошытты

0 713

Желіде қару ұстаған ер адамның итті сүйреген видеосы таралып, қазақстандықтарды шошытты. Видеоны осы жағдайға куә болған павлодарлық тұрғындар түсірген, дейді «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме беріп.

Белгілі болғандай, жағдай саяжай кооперативтерінің бірінде болған. Желі қолданушылары ер адамды жануарға жасалған қатігез қарым-қатынас үшін жазалауды сұрады. Полиция итті атып, оны сүйреп өткен адамды тапқан, алайда ол өз кезегінде иттен қорғанғандығын айтқан.

Айтуынша, ит бірнеше рет үйректерге шабуыл жасаған.

Мәліметтерге сүйенсек, ит аман қалған. Ал жануарға қатігездік танытқан павлодарлық 60 мың теңге айыппұл төлеген.

“Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 436-бабы «елді мекендерде пневматикалық қарудан оқ ату” бойынша әкімшілік іс тіркелді, – дейді Жасқайрат Қайыров, Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары.

Павлодарлыққа 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, қаруы тәркіленді. Алайда жануарлар құқығын қорғаушылар жануарларға қатысты қатігездік бабы тиімсіз екенін көрсетті, дейді.

Ол қатігездігі үшін емес, қару қолданғаны үшін жазаланды, дейді «Сердце Павлодара» Қоғамдық қорының жетекшісі Мария Гребенкина.

“Ер адамды қару қолданғаны үшін жазалады, себебі жануарларға қатігездік танытқаны үшін іс қаралса, қылмыстық құрам табылмас еді. Осылай жазалағанының өзі де дұрыс болыпты, әйтпесе айыпсыз кетер еді”, –дейді белсенді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.