Қалалық қоғамдық-саяси газет

«10 жыл бала сүйе алмадық»: Әсел Асқар түрік азаматына не себепті жүзік сыйлады?

0 58

Жақында Түркияда демалып келген Әсел Асқар басынан өткен қызықты хикаясымен бөлісті. Блогер зергерлік дүкен иесіне не себепті жүзік сыйлап кеткенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Танымал блогер Стамбулдағы соңғы кешінде анасына сыйлық алу үшін зергерлік дүкенге бас сұққан.

«Оған ерекше, әдемі нәрсе сыйлағым келді. Ұзақ ойланып, Түркиядан ғана табылатын ерекше – Султанит тасы бар бұйым аламын деп шештім. Оның түсі жарыққа қарай өзгеріп отырады», – деді Әсел.

Блогер алыстан іздегенін, өзі тоқтаған қонақ үйдің жанынан тапқан.

«Екі әдемі жүзік таңдадым. Біреуі үлкенірек, біреуі кішірек. Саудагермен саудаластым. Ол өз бағасын, мен өз бағамды айттым. Ақырында келісе алмадық», – дейді Әсел.

Блогер дүкеннен шығып, қонақ үйге қарай беттеген. Бір кезде дүкен сатушысы келіп, Әсел қалдырып кеткен сусынды ұсынып, жүзіктерді ала келген.

«Мен ұсынған бағаға беретінін айтты. Қуанышымда шек болған жоқ. Бұлай болады деп күтпедім. Сыйлықты әдемі қорапқа салу үшін дүкенге қайта бардық.

Кассаның жанына келгенде ол: «Қалаған соммаңа беремін, бірақ сенен бір сұрарым бар. Жүкті екеніңді көріп тұрмын, сенің дұғаң қабыл болатынын білемін. Біз үшін Жаратқаннан дұға тілеші. 10 жылдан бері әйелім екеуміз бала сүйе алмай келеміз», – деді. Мені тоқпен ұрғандай болды», – деп бөлісті блогер.

Әсел үнсіз басын изеп, қайта витринаға көз салған. Көгілдір түсті аквамарин тасы бар жүзікті ұнатқан ол бұйымды сатушының әйеліне сыйлыққа берген. Қасына тілегін жазып, хат қалдырған.

Мұндайды күтпеген түрік азаматы оған бар алғысын жаудырып, тіпті көзіне жас алып қалған. Әсел де көз жасына ерік бергенін жасырмайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.