Қалалық қоғамдық-саяси газет

Парламент елордаға Астана атауын қайтарды

0 334

Бүгін Парламенттегі екі палатаның бірлескен жиналысы өтті, деп хабарлайды Экспресс К.

Жиын барысында Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қаралып, елордаға Астана атауын қайтару мәселесі талқыланды. Сенаттың 50 және Мәжілістің 99 депутаты бұл шешімді бірауыздан қабылдап, дауыс берді.

Әділет министрі Қанат Мусин азаматтар бұрынғы атауды қайтаруды сұрағанын айтты.

«Бұл мәселе қоғам тарапынан кеңінен талқыланып, референдум өткізу кезінде де көтерілді. «Жаңа Қазақстан» тобы депутаттарының бұл ұсынысы заң жобасына енгізілді. Көзделген конституциялық новеллалар Мемлекет басшысы мен депутаттардың саяси бастамаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Қолдау сұраймын», — деді Қанат Мусин.

 

«Қазақстан халқы Тұңғыш Президенттің мемлекет іргесін бекітудегі тарихи еңбегін жоққа шығармайды. Бір елорданың өзінде халықаралық әуежайдың, бірнеше ескерткіштерінің, саябақтың, оқу орнының ол кісінің есімімен аталуының өзі құрметтің белгісі. Ал халықтың негізгі талабы — кезінде өзінің пәрменімен елордаға берілген Астана атауын қайтару», — деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.

 

Оның айтуынша, қала атауының өзгеруіне байланысты адамдардың ешқандай құжаттарды өзгертпейді, яғни еш қосымша қиындық туындамайды.

 

Бұған дейін елорданың Астана атауын қайтаруға қанша ақша жұмсалатыны белгілі болған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.