Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ғалымды ардақтау – ұрпаққа ұлағат

0 207

Университетті басқарған нағыз жайсаң азаматтар уақыт өте келе халық есінде ерекше қырларымен сақталып, тұлғалары асқақтай түседі. Сондай тұлғаның бірі – Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов.

 Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Бас ғимаратының мәжіліс залында тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰИА академигі Әшімжан  Ахметовті еске алуға арналған «Табиғатты ұтымды пайдалану және экологиялық қауіпсіздік контекстіндегі өңірлердің орнықты даму проблемалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Пленарлық мәжілісті М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма мүшесі – ректордың міндетін атқарушы Гульвира Мусабекова ашып, әуелі ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау жеделхатын оқып берді. Бұдан соң ол  академиктің өмір және еңбек жолына кеңірек  тоқталды.

Оффлайн-онлайн аралас форматта өткен халықаралық конференцияға алыс-жақын шетелден, еліміздің көптеген жоғары оқу орындарының профессор-ғалымдары қатысып, баяндама жасады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.