Қалалық қоғамдық-саяси газет

Озбырлықтан құтқаратын орталық

0 264

Дағдарыс орталығы. Атының өзі құлаққа көмескі естілетін мекеме жайында бірі білсе, енді бірі тіпті естімеген де. Дегенмен елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналғандар араша іздеп баратын осындай 31 орталық бар екен. Неге көп? Бірақ статистика бойынша Қазақстанда жылына 400 әйелге қысым көрсетілетін болса, 31 орталық аздық етпей ме деген ащы шындыққа тап келеміз.

Сәндібек ПІРЕНОВ

Қала аумағында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты дағдарыс орталығы бар. Оның орналасқан жерін көпшілік біле бермейді. Себебі зәбір көрушінің орталыққа келгені жайлы деректерді жақындары, әсіресе, қысым көрсеткен адам білмеуі тиіс. Осындай мәліметтерден құлағдар болған соң, біз алдымен орталықтың орналасқан жерін анықтап алдық. Мекенжайын белгілеген соң, сол аумаққа шамалап бардық. Қоршаулы тұрған мекеменің басқа нысандардан айырмашылығы жоқ екенін білсек те, тауып барамыз деп бекініп едік, бірақ мұнымыздан түк шықпады. Ақыры мекеме қызметкерлеріне хабарласып, діттеген жерімізге жеттік.

Орталықтың кіреберісінде бейнебақылау камерасы орнатылған. Жөнімізді айтып, ішке енгенде ғана қоршаулы үй дегеніміздің мекеме екеніне шындап сендік. Байқағанымыз, мұнда қызмет алушылардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасалған. Орталықтың кіреберіс дәлізінің сол жақ қапталында күзетшінің орны, бейнебақылау камерасын бақылау пункті, сонымен қатар дарбаза сыртындағы келушілермен сөйлесуге арналған байланыс құралы орнатылған. Дәл сол жерде тәулік бойы кезекшілік ететін маман отырады. Ол жедел қоңырауға жауап беріп, шақыртуды қабылдап, келушілерді де қарсы алады.

Бізге мекеменің заңгері Айдана Биғабылова орталықтың жұмысымен таныстырып, жол сілтеп отырды. Дағдарыс орталығы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму минстрінің бұйрығымен бекітілген стандарттарға сәйкес жұмыс істейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған нәзікжандыларға алты ай бойы әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық көмек көрсетіледі. Тағы мұнда екінің бірі қабылдана бермейді. Ол үшін министрлік бекіткен стандарттарға сәйкес, әйелдің зәбір көргендігін айғақтайтын нақты факті болуы тиіс. Ал орталықтан қайтқан әйелдің бүгін болмаса, ертең зорлық-зомбылықтың құрбанына айналмасына кім кепіл?! Жыл өткен сайын тұрмыста теперіш көріп, жанына демеу іздеп келетін жандар да артып жатқанға ұқсайды. Мұнда бос орын жетіп артылады деп айта алмаймыз. Биыл қала аумағындағы 5-ші мөлтек ауданнан кеңес беру кабинеті ашылыпты. Онда 4 психолог және заңгер маман көмек көрсетеді екен. Әрине, бұл да отбасылық жағдайды дұрыстауға бағытталған жоспарлы жұмыстардың бірі деп түйдік. Ер мен әйел арасындағы мәселені реттеуде істі насырға шаптырмай, отбасылық жанжалды осы кабинеттен-ақ ақылға салып шешсе, қанекей?!

Орталыққа араша іздеп келген әйелдер балаларымен 6 айға дейін тұра алады. Оларға осы уақыт аралығында арнайы ас мәзірі бойынша пайдалы, дәруменге бай тағамдар ұсынылады. Бұл кезде мамандар зәбір көрген тұлғамен, балалары және туыстарымен жан-жақты әңгімелесіп, жағдайды бақылауға тырысып бағады. Мекемеге келгенде тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерден тек төлқұжаты ғана талап етіледі. Осыдан кейін кезекші маман құжаттарды рәсімдеп, комиссия мүшелерін шақырады. Бұл кезде жәбірленуші балаларымен бірге арнайы бөлек бөлмеге орналасады. Оларға қажет болса медициналық көмек көрсетіледі. Психолог мамандар әңгімелеседі. Әйелдің басынан өткен жайға қаныққан соң, жергілікті полиция қызметкерлерін шақырып, өзінің өтініші бойынша арыз жазуға мүмкіндік жасайды. Құрамы Ішкі істер департаментінің бөлімінен, жұмыспен қамту орталығынан, сондай-ақ заңгер, психолог мамандардан тұратын комиссия бағалау парағы бойынша жүргізілген жан-жақты зерттеуді пайдалана отырып, жәбірленушіні орталыққа қабылдауға шешім шығарады екен. Біз осы орайда заңгер маманға «Бұл процесс ұзақ уақыт алып, зәбір көрген әйел көмексіз қалмай ма?» деген сауал қойдық. Бұған Айдана Сатылғанқызы: «Кез келген уақытта көмек сұрай келген әйелдердің бетін қайтармаймыз. Рас, барлық өтініштер комиссия шешімімен қаралады. Бірақ қызмет алушыға тиімді ұсыныстар жасаймыз», – деп жауап берді. Байқағанымыздай, қызмет алушының әрқайсысына жеке бөлме қарастырылған. Орталықта балаларға арналған ойын бөлмесі, мәдени іс-шаралар өткізетін зал, асхана, бір сөзбен айтқанда, жаныңа қажеттің барлығы бар. Әйелдер еңбек нұсқаушысы және мәдени жұмыстарға жауапты мамандардың көмегімен бос уақытын тиімді өткізеді. Карантин талаптарына сәйкес мекеменің бірінші қабатында басқа бөлмелерден алшақ орналасқан бөлме де бар. Онда қызмет алушы екі тәулік бойы, яғни медициналық тексеруден өтіп, вирусқа қарсы көрсеткіштері дайын болғанға дейін болады. Барлық сараптамалар дайын болған соң ғана әйел жоғары қабаттағы бөлмелердің біріне орналасады.

Бүгінде орталықта 6 анамен бірге олардың 16 баласы да қатар көмек алуда. Мекемеде балалардың жағдайын бақылап отыратын балалар психологы да бар. Себебі үйде ұрыс-керіс, жанжал көрген бала ашушаң болып өсуі де мүмкін. Әрине, бала мәселесі қашанда басты орында тұруы керек. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетін» баланың ертеңгі алар асуы дәл қазіргі жағдайына тікелей байланысты. Орталық қызметкерлері әрбір отбасын табыстыру үшін аянып қалмайды. Олар түрлі кездесулер, іс-шаралар ұйымдастырып, соның біріне мешіт қызметкерлерін шақырады.

– Кейбір әйелдер есірткі затына, ішімдікке, құмар ойындарына тәуелді болған күйеуіне қайта қосыла алмайды. Бұл бала психологиясына да кері әсер етеді. Олар ресми түрде ажырасқан соң да қарап қалмай, әйелді жұмысқа орналастырудың жолдарын қарастырамыз. Білімі болмаса, жұмыспен қамту орталығына қысқа мерзімді оқу курс-тарына жолдама береміз. Қолынан іс келсе, қайтарымсыз грант алуға да құжаттарын рәсімдеуге көмектесеміз. Осы орталықта жүріп-ақ жұмысқа орналасқан, кәсіп ашып, іс бастаған аналар баршылық. Әйелдерге жан-жақты қолдау көрсететін мекеме болған соң, үйі жоқ аналарды кезекке тұрғызып, пәтер алуына мейлінше жәрдемдесеміз. Тіпті орталықта алты ай қызмет алып, артынша пәтерлі болып, тұрақты жұмысқа орналасқан жандар болды. Олар – психологтармен жиі әңгімелесіп, заңгерлердің көмегі арқылы бойын тіктеп алған аналар. Біз сондай аналармен әлі күнге дейін хабар алмасып тұрамыз, – дейді мекеме заңгері Айдана Биғабылова.

Дәл осы кезде есік ашылып, ішке егде жастаға әжей кіріп келді. Біз мекемеге келгеннен бері бір сәт үзілмеген телефон қоңырауының арғы жағында қандай мәселе тұрғанын енді түсінгендей болдық. Аяқ-қолы қалтырап, таяғына сүйене келген әжейді мамандар иығынан демеп үстелге жайғастырды. Біз отырған кабинетке көп ұзамай психолог пен заңгер де келді.

– Осы уақытқа дейін тілеп алған жалғыз балам үшін өмір сүріп келдім. Әкесінен төрт жасында қалған соң, күйеуге де шықпадым. Күндіз саудада, түнде еден жуушы болып жұмыс істеп жүріп, әйтеуір баламды қатарынан қалдырғаным жоқ. Үйленген еді, келін кеткен соң өзгеріп шыға келді. Мені балағаттап, ақыры қол көтеруге дейін барды, – деген әжейдің жанарынан өкініштің табы білініп-ақ тұрды.
Әжей дәл қазіргі жағдайын байыппен ойланып, Қарттар үйіне баруға да қарсы емес екенін айтып, көмек сұрады. Өз кезегінде мамандар әжейдің әрбір қимылын бақылап, мән-жайдың барлығын анықтап білген соң ғана баласына қоңырау соқты. Бір қызығы, баласы анасының үйден шығып кеткенінен бейхабар. Оның айтуынша, анасына қол көтермеген. Мекеме қызметкерлері де екіұдай ойда қалды. Сонымен олар әжейді оқшау бөлмеге апарып жайғастырды. Артынша мәселенің анық-қанығын зерттеуге кірісіп кетті. Дереу әжейдің үйіне жол тартып, баласымен сөйлесуге жөнелді.
Әрине, қоғамда әртүрлі жағдай болады. «Шөлмек мың күн сынбағанымен, бір күн сынады». Иә, әрбір ана бауыр еті баласының әкесінен жырақта өмір сүргенін қаламайды. Амалы құрып, барар жері, басар тауы қалмаған соң ғана орталыққа келеді. Осындайда аналарға қолдау көрсетіп, мәселесін оңынан шешуге ықпал ететін мамандардың жұмысы бағалауға тұрарлық.
2014 жылы негізі қаланған мекемеден күні бүгінге дейін 716 адам қызмет алған. Әсіресе, соңғы жылдары көрсеткіш күрт өскені байқалады. Биыл жыл басынан бері мекемеге 52 адам келген. Бір өкініштісі, мұның барлығы жай ғана сандар емес, мұндағы әрбір санда бір тағдыр жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.