Қалалық қоғамдық-саяси газет

Отбасы – ең басты құндылық

0 544

Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында Шу ауданында «Отбасы – құндылығың» тақырыбында отбасылық байқау өтті.

«Отбасы институтын нығайту және гендерлік мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға бірнеше жас отбасы қатысып, шаңырақтағы ауызбіршіліктері мен тату тірліктерін паш етті.
Байқауға қатысушыларға бірнеше кезеңнен өту тапсырылды. Барлық тапсырма екі жастың қандай қиындықтан бірге өтуге, ұл-қыз өсіруде ата-ана жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Байқау «Ым-жым», «Жағдаят», «Отбасылық сурет» және де «Үй тапсырмасы» сынды төрт кезеңнен тұрды. Әр бөлімге зор дайындықпен келген «Тату-тәтті», «Болашақ», «Сұлулық» пен «Біз біргеміз» атты отбасылық командалар өзгелерге үлгі болып қана қоймай, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Байқау жеңімпаздарына арнайы Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шараның дәл бүгінгі қоғамға аса қажеттілігін ескеріп, алдағы уақытта да жиі өткізуді жоспарлап отыр.

Нұргүл Оразбек

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.