Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өнерлі жанұялар сынға түсті

0 457

Отбасы – мемлекет үшін ең маңызды әлеуметтік институттардың бірі. Сондықтан отбасы, ана, әке және баланы қорғау – кез келген елдің міндеті. Жуырда Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы шеңберінде Жуалы ауданында «Елу жылда ел жаңа» үкіметтік емес ұйымының ұйытқы болуымен «Отбасы – құндылығың» атты байқау өтті.

Адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған шара барысында әрбір жанұя өздерінің өнерлерін ортаға салып, көрерменді тәнті етті. Олардың қатарында еңбек адамдары мен шығармашыл отбасылар да баршылық.
Өнер сайысында бірі әуелетіп ән айтса, енді бірі мың бұралып би биледі. Төл өнеріміз – қолөнерді дәріптеген жанұялар да аз болмады.

Әмина Мұса

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.