Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанай облысында полициядан үш жыл жасырынып жүрген нигериялық азамат ұсталды

0 313

Ол осы уақыт ішінде соттың елден шығару шешімін орындамай, Қазақстанның әртүрлі қалаларын мекендеп келген, деп хабарлайды Экспресс К.

Нигерия азаматы облыста өткізіліп жатқан «Нелегал» іс-шарасы аясында қолға түсті. Енді ол елден мәжбүрлі түрде шығарылады. Қалалық мамандандырылған сот оның жүріп-тұру бостандығын шектеді. Енді шетелдік елден мәжбүрлі түрде шығарылмақ. Қазір ол арнайы қабылдау нысанында ұсталып отыр.

Облыстық бюджеттен көзделген қаражатпен Алматы-Доха әуе қатынасы арқылы билет сатып алынды. Полиция қызметкерлері шетелдік құқық бұзушыны Алматы қаласының әуежайына алып барды. Дохадан ары қарай еліне жөнелтілмек, — дейді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

Операция басталғалы, 4 күн ішінде елден 11 шетелдік шығарылған. Облыстың 100-ден астам тұрғыны ішкі істер органдарына шетелдіктердің тұрып жатқаны туралы мәлімет бермегендері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Заң бұзған шетелдіктерге 5 жыл ішінде елге кіруге тыйым салынады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.