Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қордайлық өнерпаздар халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

0 157

18 ақпан күні Халықаралық «Silkway stars» комитетінің ұйымдаструымен Астана қаласында өткен көп жанрлы «Silk Way Talents» Халықаралық байқау фестиваліне Қордай аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Нұрсұлтан» би ансамблі, «Грация» би тобы және халықтық ұжым «Махаббат» би ансамблі қатысты. Байқауға еліміздің 14 облысынан жиналған 43 би ұжымы, 1000-нан аса қатысушы бақ сынасты.

Байқау нәтижесі бойынша:
🔹Халықтық ұжым «Махаббат» би ансамблі жүлделі І орын;
🔹«Грация» би тобы ІІ орын;
🔹«Нұрсұлтан» би ансамблі өзгелерден оқ бойы озып, бас жүлде иеленді.
🔹Сонымен қатар, аталмыш би ансамблінің жетекшісі, «Қазақ би мұнарасы» қойылымдарының үздігі, хореограф Зияш Еркебекқызы арнайы статуеткамен және «Аманат» партиясы Есіл аудандық филиалының атқарушы хатшысы С.Жүсіпованың арнайы алғыс хатымен марапатталды.

 Халықаралық байқау мүшелері жерлестеріміздің жоғары кәсібилігі мен ерекше талантын атап өтіп, жетекшісіне деген ыстық ықыластарын білдірді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.