Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Опасыздық жасады»: Бектановтың тұтқындалуына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

0 141

Бізге жеткен мәлімет бойынша, Мұрат Бектанов мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталып отыр. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.

ZTB.kz хабарлауынша, экс-қорғаныс министрі қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қастандық жасаушыларға көмектескен.

Атап айтқанда, Бектанов басқарған Қорғаныс министрлігінің басшылығы «Қасіретті Қаңтардың» бірнеше күнінде стратегиялық нысандарды дер кезінде қорғауды қамтамасыз етпеген.

Сондықтан полиция мен Ұлттық ұлан қызметі тоқтап қалды, бұл жағдайды бақылауды жоғалтуға әкелді.

Шын мәнінде, Қорғаныс министрінің әрекеті қастандықтың артында тұрғандардың қолына тиді. Сондықтан ҰҚШҰ күштерін көмекке тарту туралы шешім қабылданды.

Ең бастысы, біздегі ақпаратқа сәйкес, кейбір бейбіт азаматтардың өлімі  дәл әскерилердің жауапкершілік аймағында тіркелген, бұл да әскери ведомствоның бұрынғы басшылығының жіберген қателіктерін көрсетеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.