Қалалық қоғамдық-саяси газет

Он алты жоба жанданады

0 241

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен инвестициялық штабтың отырысы өтті. Бас- қосу барысында 94 жоба қаралып, талқыға түсті.

Жалпы жобалардың құны 2,6 трлн теңгені құраса, ағымдағы жылы 91,3 млрд теңгеге 16 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 272 жаңа жұмыс орны құрылады деп көзделуде.
Жиында «Тараз» ӘКК» АҚ басшы-сының міндетін атқарушы Еркін Жылысбек «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы, агротехникалық қызметтің жұмысы туралы баяндады.
Ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 24 млрд теңгеге 10 ауданнан 26 округ қаржыландыруға ұсынылған.
Ал агротехникалық қызмет бойынша 43 ауылшаруашылық-өндірістік коопера-тивтерін құру бойынша жұмыс жүргізуде.
Өңір басшысы сондай-ақ «Тараз» индустриялық аймағының директоры Ғалымжан Қайназаровтың есебін тыңдады. Ол индустриялық аймақта жалпы сомасы 125,7 млрд теңгеге 12 инвестициялық жоба іске асырылып, 1 375 жұмыс орны ашылатынын баян етті.
Биыл 4 жобаны іске қосу жоспарлан-ған. Олар – «Нұрхим 2021» ЖШС (аралас кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісі), «Нұрхим 2021» ЖШС (тігін өндірісі), «Асқар-Тау НС» ЖШС (асфальт-бетон қоспасын өндіру) және «Jeti bulaq» ЖШС (битум эмульсиясын өндіру).
Сондай-ақ инвестициялық жобалар-ды сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселесі бойынша облыс әкімінің кеңесшісі Ұлжан Шилібекова баяндама жасады.
– Инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмысты қайта қарау қажет. Егер белгілі бір мерзім ішінде нақты нәтиже болмаса, басқарма бас-шылары жауапкершілікке тартылады.
Компания тарапынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда, біз басқа инвестормен жұмыс істей бастаймыз. Бізге бос жобалар қажет емес, – деді облыс әкімі.

Нұргүл Оразбек

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.