Таразда ақын-жырау Үшкемпір Тастанбековтің «Қолбасшы Қойгелді батыр» кітабының тұсаукесері өтті. Шараға Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, ардагер журналист Болат Жаппарұлы, Тараз қоғамдық қалалық кеңесінің төрағасы Сейдәзімов Сембек Әбетайұлы. Батырдың ұрпақтары: Әбдіхалық Күмісбек, Хаби Жолдасов, Әзімбек Басқанбаев, Керімбай атындағы №12 мектеп – гимназиясының тарих пәні мұғалімі Эльмира Қайырбаева, Кешкі орта мектептің тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Қанатбек Дәурен Қанатбекұлы, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының төрағасы Байпақ Дархан Қуанышұлы қатысты.
Қонақтар Қолбасшы Қойгелді – бүкіл қазақ халқына ортақ батыр екендігі, тау тұлғаның кіндік қаны Әулиеата топырағына тамғаны,оның ерлік істері, қайраткерлігі туған жерден бастау алғаны туралы түрлі деректермен бөлісті.
