Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қойшыбеков көшесіне асфальт төселуде

0 483

Тараз қаласында соңғы бірер жылдың бедерінде жол жөндеу жұмыстарына ерекше екпін түсірілуде. Бұл бағытта облыс орталығында қолға алынған ілкімді істер көңіл қуантады.

Айталық, бүгінде Қойшыбеков көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүруде. Сүлейменов көшесінен бастап «Бурыл» алқабы, «Ұлы дала» (15) ықшамауданының аумақтарын жалғайтын жолдың ұзындығы 806 метрді құрайды. Ал, ені 14 метрге кеңейтілуде.

Қазіргі таңда мұнда «Шалқар Бастау» ЖШС мердігерлігімен асфальт төселуде. Құрылыстың техникалық қадағалаушысы – «Казахстан Эксперт» ЖШС. Құрылыс барысында онға жуық техника мен жиырма шақты жұмысшы еңбек етуде.

Жол құрылысы сәтімен аяқталған соң, осы аумақтағы көлік кептелісі азайып, тұрғындардың емін-еркін қатынауына мүмкіндік туады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.