Қалалық қоғамдық-саяси газет

Облыс әкімі Қордайдағы «BSL-3» өндірістік цехының құрылысымен танысты

0 316

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Қордай ауданына жұмыс сапары «ОтарБиофарм» ЖШС-нің жұмысымен танысудан басталды.

Қазіргі таңда биофармацевтикалық зауыт құрылысының екінші кезеңі жүруде. Ол бойынша Биозауыттың өндірістік қуатын айына 500 мыңнан 2,0 млн. дозаға дейін арттыру көзделген. Соған сәйкес, «Тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес келетін иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыт базасында субстанциялар өндіру жөніндегі цех» (BSL-3) жобасының құрылысы жүзеге асуда.

Бүгінде өндірістік кесте бойынша инженерлік желілер мен негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Фармакологиялық жабдықтардың 99 пайызы жеткізілген.

Нысанның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланған десек, жоба желтоқсан айында толығымен іске қосылады деп көзделуде.

Аймақ басшысы жауаптыларға жұмыстардың сапалы әрі тиісті мерзімде атқарылуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Бұдан соң облыс әкімі Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Самғау» шаруа қожалығының 130 гектар күнбағыс және Қақпатас ауылындағы «Ерхан» шаруа қожалығының қарбыз алқаптарын көрді.

Шаруалар суармалы судың тапшылығынан шығынға батып отырғандарын жеткізді.

Жалпы, аудан бойынша 5 мың гектардан астам егістік су тапшылығын кешуде.

Нұржан Нұржігітов жыл сайын суармалы су мәселесі күрделеніп келе жатқанына тоқталып, су үнемдеу технологияларын енгізуге, ұңғыма қазу ісіне баса ден қою керектігін айтты.

Бұдан бөлек, келер жылы ауданда екі жаңа су қойманың құрылысы басталмақ.

Сондай-ақ, облыс әкімі Үкіметпен құрылған комиссиямен зардап шеккен шаруалардың шығынын өтеп беру бойынша жұмыстар жүзеге асып жатқанына назар аудартты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.